Материалы за Февраль 2025 года » Страница 2 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
отдела образования города Семей управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Бухгалтерия
+7(7222)568278
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Февраль 2025 года » Страница 2
Қазақстан Республикасының Конституциясы
19
февраль
2025
Қазақстан Республикасының Конституциясы
Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қорғауға арналған кешенді заңдар жүйесі бар. Бұл заңдар баланың дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оның білім алуға, денсаулығын сақтауға және қоғамдағы орнын айқындауға бағытталған.
"ТАБЫСТЫ МЕНЕДЖЕР-2025" облыстық конкурсы
18
февраль
2025
"ТАБЫСТЫ МЕНЕДЖЕР-2025" облыстық конкурсы
"ТАБЫСТЫ МЕНЕДЖЕР-2025" облыстық конкурсында 16 мектептің ішінде біздің мектебіміздің директоры Айгүл Уасиловна жүлделі 2-орынға ие болды. Бұл – көшбасшымыздың табысты еңбегінің, жоғары біліктілігінің, жауапкершілігінің және командалық жұмысының жемісі. Осындай үлкен жетістікке жеткені үшін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, биік белестер мен жаңа жетістіктер тілейміз! 
Мектебімізде Біріңғай өрт қауіпсіздігі күніне орай тәрбие сағаттары
17
февраль
2025
Мектебімізде Біріңғай өрт қауіпсіздігі күніне орай тәрбие сағаттары
Мектебімізде Біріңғай өрт қауіпсіздігі күніне орай тәрбие сағаттары өтті. Өрт қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын дамыту мақсатында мектебімізде Біріңғай өрт қауіпсіздігі күніне арналған тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.  Тәрбие сағаттары барысында оқушыларға өрттің пайда болу себептері, одан сақтану жолдары және алғашқы көмек көрсету ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ, төтенше жағдай кезіндегі эвакуация тәртібі мен 101 қызметіне қоңырау шалу
Кәсіптік-бағдар беру жұмысы аясында, Жас Абай мектебі
17
февраль
2025
Кәсіптік-бағдар беру жұмысы аясында, Жас Абай мектебі
Кәсіптік-бағдар беру жұмысы аясында, Жас Абай мектебі. Мақсаты: оқушыларға кәсіптік-бағдар беру жұмысы бойынша көмек көрсету, болашақ мамандықтарын таңдау барысында бағыт-бағдар беру және олардың қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес дұрыс шешім қабылдауға жәрдемдесу. Кәсіби бағдар беруші: Баяндинова У.Д. Баяндинова У.Д. оқушылармен белсенді жұмыс жүргізіп, әртүрлі мамандықтар туралы ақпарат беріп, кәсіптік сынамалар, тесттер мен жеке кеңес беру арқылы олардың болашақ жолын анықтауға ықпал
Бейсен Жұмагелдиннің 100 жылдық іс-шаралар
17
февраль
2025
Бейсен Жұмагелдиннің 100 жылдық іс-шаралар
16 мектепте Бейсен Жұмагелдиннің 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиында Бейсен Жұмагелдиннің өмірі мен еңбектеріне арналған баяндамалар жасалып, оқушылар оның еңбегін дәріптейтін өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетіліп, қонақтар оның халқына сіңірген еңбегін жылы лебіздермен еске алды. Іс-шара жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, тарихи тұлғалардың еңбегін құрметтеуге бағытталған мазмұнымен ерекшеленді. 
Ұжымымен интернет алаяқтық тақырыбында дәріс
13
февраль
2025
Ұжымымен интернет алаяқтық тақырыбында дәріс
«16 Т. Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымымен интернет алаяқтық тақырыбында дәріс жүргізді. Абай облысы ПД Семей қ. ПБ Орталық полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі М.З. Нурекенов оқушылар мен ұстаздарға интернет алаяқтықтың түрлері, одан сақтану жолдары және жеке деректерді қорғаудың маңыздылығы жайлы мазмұнды дәріс өткізді. Дәріс барысында М.З. Нурекенов интернеттегі қауіп-қатерлерден сақтану үшін қандай іс-шаралар қолдану керектігін нақты
“Мұқағали мұрасы-қазақтың қазынасы” атты мәнерлеп оқу сайысы
10
февраль
2025
“Мұқағали мұрасы-қазақтың қазынасы” атты мәнерлеп оқу сайысы
Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен 3-4сыныптар арасында “Мұқағали мұрасы-қазақтың қазынасы” атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.Белсене қатысқан оқушылар:4 “А”сынып оқушылары Айдарханова Томирис,Мурзанбек Арсен,Көкежанов Жігер,3 “Б”сынып оқушысы Оразғали Нұрсұлтан 
АТА КӘСІП – БЕРЕКЕНІҢ БАСТАУЫ
07
февраль
2025
АТА КӘСІП – БЕРЕКЕНІҢ БАСТАУЫ
Мамандық таңдауда ата ақылының маңыздылығын түсіндіру мақсатында 10 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Бұл кездесудің негізгі мақсаты–жастарға өзіне лайықты мамандықты дұрыс таңдай білу, ата-бабаларымыздың кәсіптерінен үлгі алу және олардың тәжірибесіне сүйену. Кездесу барысында оқушыларға қазақтың дәстүрлі кәсіптері мен олардың қоғамдағы маңызы туралы баяндалды. Ата-бабаларымыздың кәсібін жалғастыру арқылы ұлттық құндылықтарды сақтап қалуға болатыны айтылды. Сонымен қатар, мамандық таңдау
“Тіл жүйріктері” интелектуалдық сайысы
06
февраль
2025
“Тіл жүйріктері” интелектуалдық сайысы
“Цифрлық технология қазақ тілі мен әдебиеті сабағында: креативті идея, үздік нәтиже” тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігінің аясында 6-сыныптар арасында “Тіл жүйріктері” интелектуалдық сайысы өтті. Нәтижесінде 6 Ә - І орын, 6 А, 6 Б - ІІ орын, 6 В, 6 Г - ІІІ орынға ие болды. Жауапты: Есенова Ж.Е, Абикенова А.Б. 
М.Әуезов "Көксерек" әңгімесі ашық сабақ
06
февраль
2025
М.Әуезов "Көксерек" әңгімесі ашық сабақ
“Цифрлық технология қазақ тілі мен әдебиеті сабағында: креативті идея, үздік нәтиже” тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігінің аясында 7 "Б" сыныбында  ашық сабақ өтті. Тақырыбы: М.Әуезов "Көксерек" әңгімесі. Мақсаты: Әдеби жанр түрлерінің даму барысына, жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру