10
февраль
2025
“Мұқағали мұрасы-қазақтың қазынасы” атты мәнерлеп оқу сайысы
Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен 3-4 сыныптар арасында “Мұқағали мұрасы - қазақтың қазынасы” атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Бұл сайыс Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын насихаттау, оқушылардың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Сайысқа қатысушылар қазақ поэзиясының ғұлама ақынының өлеңдерін жоғары деңгейде мәнерлеп оқып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Белсене қатысқан оқушылар: 4 “А” сынып оқушылары Айдарханова Томирис, Мурзанбек Арсен, Көкежанов Жігер, 3 “Б” сынып оқушысы Оразғали Нұрсұлтан өз өнерлерін көрсетіп, Мұқағали шығармашылығына деген терең құрметтерін білдірді. Бұл сайыс жас дарындарды қолдап, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік берді. Оқушылардың өнері көпшіліктің қошеметіне бөленіп, ақынның мұрасын жаңаша көзқараспен бағалауға мүмкіндік туғызды.