Ата-ана жиналысы » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қауіпсіз қоғам-ортақ  жауапкершілік"   9 "Ә" сыныбында ата-аналар жиналысы
22
апрель
2025
"Қауіпсіз қоғам-ортақ жауапкершілік" 9 "Ә" сыныбында ата-аналар
Қауіпсіз қоғам-ортақ  жауапкершіліктақырыбында 9 "Ә" сыныбында ата-аналар жиналысы өтті. Мақсаты: Үшінші  тоқсан  қорытындысын  шығару,  қорытынды  аттестаттау  туралы  ақпарат  беру,  өмір  қауіпсіздігі  мен  қоғамдық  тәртіпке  қатысты  түсіндіру  жұмыстарын  жүргізу.  Күн тәрбінде: 1.3-тоқсан қорытындысы;2. Қорытынды аттестаттаудан өткізу3. Мамандық таңдау және орта білім
Бүкіл отбасы үшін пайдалы рацион
14
март
2025
Бүкіл отбасы үшін пайдалы рацион
Мектебімізде «Бүкіл отбасы үшін пайдалы рацион» тақырыбында 6 «Б» және 5 «В» сыныптарының ата-аналарына арналған танымдық шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – ата-аналардың теңдестірілген тамақтану мәдениетін қалыптастырып, балалардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ету. Жауапты мұғалімдер Байгульжина Жазира Маратовна мен Байгельдина Молдир Толеукадыровна ата-аналарға дұрыс тамақтанудың маңызын түсіндірді. Кездесуде пайдалы және зиянды тағамдардың айырмашылығы, тамақтану рационын құру
Даналық мектебі: "Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер"
01
март
2025
Даналық мектебі: "Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер"
Мектебімізде ата-аналарға арналған "Даналық мектебі" аясында "Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер" тақырыбында семинар өтті. Іс-шараның басты мақсаты – ата-аналарға жасөспірімдік кезеңдегі дағдарыстарды жеңуге көмектесу және үйлесімді қарым-қатынас орнату жолдарын үйрету. Кездесуге 6, 8, 9-сынып оқушыларының ата-аналары қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Семинар барысында бала тәрбиесіндегі мейірімділік пен түсіністіктің маңыздылығы, эмоциялық қолдау көрсету әдістері талқыланды. Мұғалімдер
Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі
20
февраль
2025
Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі
Мектебімізде өткен кездесуде әжелер жас ата-аналарға бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың маңызын түсіндірді. Олар ата-баба дәстүрін сақтау, үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру секілді құндылықтардың бала тәрбиесіндегі рөлін атап өтті. Әжелердің айтуынша, баланы кішкентай кезінен еңбекке баулу, жауапкершілікке үйрету оның болашағына оң әсер етеді. Сонымен қатар, ата-аналарға немерелерін ұлттық тәрбиеге жақындатып, салт-дәстүрлерді үйрету жолдары көрсетілді. Әжелер жас ұрпақты
Немеремізге мамандық таңдауға қалай көмектесеміз?
24
январь
2025
Немеремізге мамандық таңдауға қалай көмектесеміз?
Әрбір ата-ана мен ата-әже немересінің болашағы жарқын болғанын қалайды. Мамандық таңдау – өмірлік маңызды қадам, сондықтан бұл мәселеде отбасының қолдауы ерекше рөл атқарады. Қазақ халқы ежелден ата кәсіпті ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп, еңбектің қадірін бала жастан үйреткен. Немереміздің қабілеттерін ерте анықтап, оның қызығушылықтарына мән беру – дұрыс таңдау жасаудың алғашқы қадамы. Баламен ашық сөйлесіп, өз тәжірибемізбен бөлісу, кәсіптің артықшылықтары мен қиындықтарын түсіндіру қажет.
Салауатты тамақтану әдеттерін қалыптастыру
23
январь
2025
Салауатты тамақтану әдеттерін қалыптастыру
N16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде ата-аналарға арналған “Салауатты тамақтану әдеттерін қалыптастыру” тақырыбында жиналыс өтті. Іс-шараның мақсаты – балалардың салауатты өмір салтының маңызды бөлігі ретінде ата-аналардың дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруына ықпал ету. Жиналыс барысында балалардың физикалық және психикалық дамуындағы дұрыс тамақтанудың маңызы жан-жақты талқыланды. Мамандар ата-аналарға дұрыс тамақтанбауға байланысты туындайтын аурулар мен
«Ынтымақтастық: мектеп, мұғалім, ата-ана» тақырыбында ашық алаң
13
ноябрь
2024
«Ынтымақтастық: мектеп, мұғалім, ата-ана» тақырыбында ашық алаң
2024 жылдың 13 қарашасында №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте 11-сынып ата-аналарымен «Ынтымақтастық: мектеп, мұғалім, ата-ана» тақырыбында ашық алаң форматында жиналыс өтті. Іс-шараның мақсаты – мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, ата-аналарға балаларының оқу үлгерімі, тәртібі және пәндер бойынша жетістіктері туралы ақпарат беру. Сондай-ақ, ата-аналармен кері байланыс орнатып, олардың ұсыныстарын тыңдау. 
9- сынып ата-аналар жиналысы
02
октябрь
2024
9- сынып ата-аналар жиналысы
№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ  9- сынып ата-аналар жиналысы.  1. Бала тәрбиесі бәрімізге ортақ -әңгіме-сұхбат   2. Кәсіби бағдар беру  3. «Бала портреті» тренинг,         4. Қорытынды аттестаттауға дайындық     
Жалпы ата-аналар жиналысы
20
сентябрь
2024
Жалпы ата-аналар жиналысы
Ата-аналарды біріккен жұмысқа шақыру.Бала тәрбиесіне сіз бен біз болып көңіл бөлсек балар үшін де қоғам үшін де пайдасы өте зор.Мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстырды. Мектеп формасына қойылатын талаптарға тоқталды. Ер балалар, қыз балалар үшін көк түсті кофта мен жилет, ақ кофта, қою көк түсті белдемше мен шалбар. Ұзын шашты қыздардың шаштары өрілген, орташа ұзындықта қыстырғыш заттармен жинаулы.Ұлдар мен жасөспірімдердің шаштары   классикалық түрде қиылған болу керек.