15
февраль
2022
Дебат жеңімпаздары телеарнаға сұхбат
Оқушылар арасында пікірталас қозғалысын дамыту және насихаттау, оқушылардың шешендік өнер дағдыларын қалыптастыру, зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, зерттеу, ұйымдастыру дағдыларын және коммуникативтік дағдыларын дамыту мақсатында 2022 жылғы 5-6 ақпанда онлайн форматында "Ұшқыр ой алаңы" республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңі өтті.Эпидемиялогиялық жағдайға байланысты бұл турнир онлайн форматта өткізілді. № 16 мектептің оқушылары Дана Мукпенова және Алтынай Мухамадиева «Эрасмус» қазақ командасы атынан қатысты. Жаттықтырушысы Тоқтарова Амангүл Тоқсанбекқызы 1-інші орын алып, екінші рет облыстық турнирдің жеңімпазы болды Айта кететін жайт, біздің балалар бастапқыда мектеп ойындарында, одан кейін қалалық турнирде қатаң іріктеу нәтижесінде облыстық турнирге өтті. Енді біздің «Эразмус» командаларымыздың алдында республикалық турнир тұр, ал біз оларға тек жаңа жеңістер тілейміз. Осы турнерді жүлдегер болған «Эразмус» командасы бүгін дебат жеңімпаздары телеарнаға сұхбат берді.
