ДЕБАТ – 2022 Ж. ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ДЕБАТ – 2022 Ж. ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР
07
февраль
2022

ДЕБАТ – 2022 Ж. ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР

Оқушылар арасында пікірталас қозғалысын дамыту және насихаттау, оқушылардың шешендік өнер дағдыларын қалыптастыру, зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, зерттеу, ұйымдастыру дағдыларын және коммуникативтік дағдыларын дамыту мақсатында 2022 жылғы 5-6 ақпанда онлайн форматында "Ұшқыр ой алаңы" республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңі өтті.Эпидемиялогиялық  жағдайға  байланысты   бұл турнир онлайн форматта өткізілді.
Турнирге қалалық және аудандық кезеңдердің жеңімпаздарынан 39 команда қатысты, бұл 8-11 сыныптардың үздік 78 оқушысы. Турнир американдық парламенттік форматта (АӨФ) өткізілді. Семей қалалық дебат клубының қатысушылары мен жаттықтырушылары үшін 2022 жылғы дебат маусымы сәтті басталды. Біздің қалалық дебат клубымызды қаланың орта мектептерінен 4 команда, әрбір тілдік  лигада 2 командадан: қазақ және орыс командалары ұсынды. Біздің оқушыларымыз Семей қаласының дебат дәстүрлерін осы жолы да қорғай білді: олар екі лигада да 1 орын алды.
№ 16 мектептің оқушылары Дана Мукпенова және Алтынай Мухамадиева «Эрасмус» қазақ командасы атынан қатысты. Жаттықтырушысы Тоқтарова Амангүл Тоқанбекқызы.
Айта кететін жайт, біздің балалар бастапқыда мектеп ойындарында, одан кейін қалалық турнирде қатаң іріктеу нәтижесінде облыстық турнирге өтті.
Енді біздің «Эразмус» және «Эффект бабочки» командаларымыздың алдында  республикалық турнир тұр, ал біз оларға тек жаңа жеңістер тілейміз!

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив