

Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру жөнінде «Дұрыс тамақтану не үшін қажет? » 6 "Ә"сыныпта онлайн режимінде тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – қашықтан білім алып жатқан оқушылардың уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне бағыт-бағдар беру, күнделікті сабақ кестесі мен салауатты өмір салты дағдыларын ұтымды ұштастыра білуіне ықпал жасау, әрбір оқушылардың өзіндік күнделікті тайм менеджмент қалыптастыра білуіне баса назар аудару. Тәрбие сағаты барысында оқушылардан өздерінің күнделікті режимдері туралы сұрақ-жауап алынып, оларға тайм-менеджмент жайлы ақпарат берілді және уақытты тиімді әрі дұрыс пайдалануға байланысты кеңестер мен лайфхактар айтылды. Тәрбие сағатында айтылған кеңестердің оқушылардың күнделікті режиміне оң әсерін тигізеріне сенім білдіре отырып, уақытты дұрыс жоспарлай білу – күннің прогрессивті өтуінің кепілі екендігін айтқымыз келеді.