02
март
2021
Кафедра филиалын ашу
Бүгін Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының филиалы ашылды. Факультет деканы, профессор Қ.А.Қадыров пен мектеп директоры Б.Қ. Құрманғалиева келісімшартқа қол қойды. Кафедра филиалын ашу мақсаты - кәсіби мамандар даярлау сапасын арттыру, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету, мұғалімдер мен оқушылардың ғылыми жобаларына жетекшілік ету. Кафедра меңгерушісі доцент Қ.Қ. Мұқанова болашақта екіжақты жоспар құра отырып, оқу үдерісінің практикалық бағыттылығын нығайту, бірлескен ғылыми зерттеулерді өткізу және білім беру практикасына ғылыми-зерттеу жұмысы нәтижесін енгізу сияқты жұмыстардың жүргізілетіндігін атап өтсе, кафедраның профессоры А.О.Тоқсамбаева мектеп түлектеріне болашақ мамандығын таңдауда бағдарлануға, ғылыми ізденіске деген қызығушылықтарын дамытуға, ҰБТ-ға дайындалуға мүмкіндік беретіндігін де сөз етті.
