Жомарт Базенұлы атындағы математика кабинеті ашылды » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жомарт Базенұлы атындағы математика кабинеті ашылды
10
март
2016

Жомарт Базенұлы атындағы математика кабинеті ашылды

2009 жылы ақпан айында Семей қаласындағы Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектепте ұлағатты ұстаз Мархаметов Жомарт Базенұлы атындағы математика кабинеті ашылды.   
Басталған игі іс одан әрі жалғасын тауып,  2008-2009   оқу жылында қазақ мектептерінің 5,6,7-сыныптары арасында математика пәнінен қалалық олимпиада мен мұғалімдерге арналған ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Бұл іс-шараны жылда дәстүрлі өткізу туралы шешім қабылданды. Сол жылдан бастап Ж.Б.Мархаметов атындағы кабинет қала мектептері мұғалімдерінің әр түрлі әдістемелік сұрақтарды, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді, сонымен қатар сабақтың интерактивті түрлері мен формаларын тыңдап, талқылайтын орынға айналды.