04
февраль
2021
Ағылшын тіліндегі жаңылтпаштар МИФ бірлестігі
Оқушылардың ағылшын тілін мемлекеттік білім беру стандарты бойынша меңгергендігін бақылау, олардың қабілеті мен тілін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру, шет тілін құрметтеуге үйрету, оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдылау. Апталықтың салтанатты ашылуын өткіздік. Апталық ашылу рәсімі кезінде оқушылар апталықтың мақсатымен, шарттарымен танысты. Апталықтың ашылу салтанатты үш тілде жүргізілді. Ашылу салтанатында 7-8-9 сынып оқушылары белсенділік танытты.Оқушылар өздерінің ағылшын тілін қалай жақсы көретіндігін дәлелдеп, өз өнерлерін көрсетті.Оқушылар ағылшынша әндерін, таппақтарын, жұмбақтарын, жаңылтпаштарын, мақал-мәтелдерін айтып біздерді қуантты. Апталықтың ашылу барысында ағылшын тілі пәні ӘБ мүшелері “English languagi-is a world languagе” тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге мұғалімдердің ашық сабақтары, жетістіктері, Ұлы Британияның әртүрлі суреттері қойылды, және оқушылардың тақырыпқа байланысты салған суреттері ілінді.
