Педагогикалық кеңес хаттама 4 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогикалық кеңес хаттама 4
26
февраль
2019

Педагогикалық кеңес хаттама 4

«Т. Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Педагогикалық кеңестің
Хаттамасы №4
09.02.2019 ж.
Қатысқандар: 69
Күн тәртібінде: 
  1. Өткен педагогикалық кеңестің шешімдерінің орындалуы
  2. ІІ тоқсан қорытындысы және алдағы міндеттер
  3. Жекелеген пәндер мен курстарда ағылшын тілінің қолданылуы
  4. 4, 9, 11 – сыныптардан алынған байқау тестілеудің қорытындысын талдау, қосымша сабақ өткізу сапасы (ОЖСБ, ҰБТ бойынша)
  5. 5-8, 10 – сыныптардағы білім алушылардың аралық аттестаттаудағы пәндерін бекіту, 9-11 – сыныптардың қорытынды аттестаттаудағы таңдау пәндерін бекіту
  6. Денсаулық жағдайына байланысты мемлекеттік емтиханнан босату туралы
Тыңдалды:
Сөйледі: биология пәні мұғалімі Г.К. Негмеджанова
Үштілділік – жаңа заман сұранысы. Біз ағылшын тілі курсын оқыдық. Биология пәнін 2,3% ағылшын тілінде оқытып жатырмыз, күнделікті сабақта ағылшын терминдерін қолданамыз. Сабағымда амандасу мен ұйымдастыруды ағылшын тілінен бастаймын. Терминдермен жұмыс жүргізіп жатырмын. Негізі терминдерді жаттаған оңай, балалар қалыптасып қалды. Мысалы, «Ас қорыту жүйесі» тақырыбына 5 сағат берілген, сол сағаттарға 10 термин беріледі. Сонымен қатар, кітаптағы суреттерге қарап оларды ағылшынша сипаттап айтып қалыптасып қалды. 
            Сөйледі: физика пәні мұғалімі Б.Д. Хамитова
Ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл енуде. Ендеше, бізге жүктелген міндет – сол үдерістен тыс қалмау. Сабақ процесінде қолданылатын термин сөздерді сыныпқа іліп қойдық. Нәтижесінде оқушылар «Серпінді деформация» тақырыбына байланысты термин сөздерді өте жақсы қолданып айтты. Үш тілде сабақ беру – ізденісті, сауаттылықты қажет етеді.
Сөйледі: биология пәні мұғалімі А.С. Исина
Жастарға әлем танудың кілті – ағылшын тілін меңгеру болып саналады. Мен осы оқу жылында 8 – сыныптарда «Биология пәніндегі терминдерді ағылшын тілінде оқыту» таңдау пәнін жүргізіп келемін. Онда мәтінмен жұмыс жүреді, мәтінге әр түрлі тапсырмалар беріледі, сонымен қатар сәйкестендіру тапсырмасы да орындалады. Мәтін бойынша ағылшын тілінде сұрақ құрастыру, сурет бойынша бір – бір сөйлмнен айтып шығу тапсырмалары оқушыларды өте қызықтырды. Сабақты жүргізу барысында түйгенім, сөздік жаттауға 10 – 15 сөзден артық бермеу және етістіктің шақтарын дұрыс қолдану қажет.
Сөйледі: информатика пәні мұғалімі Ж.М. Байгульжина
Қазіргі күні шетел тілін жылдам әрі тиімді үйреніп алуға болады. Информатика пәнінде ашу, жабу, жаңа бет ашу сияқты терминдерді қолданамыз. Сөздік жұмысын жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту көзделеді. Сол сөздердің мағынасын түсініп, дұрыс айтуға дағдыландырудың мәні зор. Әрине, сабақты тек аударма жасатумен шектеліп қалмау керек, қазіргі оқыту технологиясында түрлі шығармашылық бағыттарын жасауға дағдыланады.
Қаулы: 
  1. Ағылшын тілін информатика, физика, биология пәндерінің сабақтарында жүйелі түрде қолдануды жүзеге асыру арнайы курстан өткен сертификатталған пән мұғалімдеріне жүктелсін. Физика, биология, информатика пәндерін ағылшын тілі мұғалімдерімен бірігіп жүргізген жұмысты одан әрі жандандырсын.
Жиналыс төрайымы:             Б.Қ. Құрманғалиева
Хатшы:                             Ж.Е. Есенова
Көшірме дұрыс
Мектеп директоры:             Б.Қ. Құрманғалиева