06
апрель
2019
Сенбілік – тазалық кепілі.
Қала тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлық болып табылады. Қаланы қоқыстан тазартып, көрікті жерге айналдыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылды. Мектеп мұғалімдері мектеп маңайын, мектепке бөлінген аймақтарды тазалады.Қаланың санитарлық жағдайын жақсарту үшін көріктендіру жұмыстарымен қатар қаланың сырт көрінісіне де ерекше көңіл бөлу сияқты ауқымды жұмыстар жүргізілді.
Шара көтеріңкі көңіл-күймен басталды, оған қатысушылар сенбіліктің маңыздылығын жақсы түсініп, белсенді жұмыс істеді.
Сөйтіп, білім ордасының ұжымы бір үйдің баласындай біріге жұмылып, сүйікті де көрікті қаламыз Семейдің көріктенуіне ісіне өз үлестерін қоса білді.
Шара соңында мектеп оқытушылары мен қызметкерлері естелік суретке түсіп, жақсы ниетпен үйлеріне тарқасты.Сенбілік қызметкерлер арасында жұмыстан тыс әнгімелесу мен бір-бірін жақын тануға мүмкіндік береді. Бұрыннан белгілі, ортақ мүдде үшін бірлесіп жасаған еңбектей еш нәрсе адамдарды біріктіре алмайды. Осындай ұжымдық шаралардың адамдарға үлкен әсер беріп, олардың бір-біріне деген сенімдерін ұштай түсері де анық.
