13
январь
2020
Жалпыадамзаттық құндылықтар –мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі» атты семинар-практикум
Жуырда Семей қаласының «Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ базасында «Жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі» тақырыбында семинар-практикум өтті. Бұл іс-шараға білім беру мекемелерінен бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысты. Семинардың басты мақсаты: «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері Гульназ Жумановна Торсықбаева (№16 ЖОББМ), Амангелдіқызы Айнұр (№41 ЖОББМ), Маржан Сериккановна Шакиртовалардың (№38 ЖОББМЛ) іс-тәжірибесімен алмасу.
Семинардың бірініші бөлімінде қатысушыларға тақырып бойынша жұмыс тәжірибесінің презентациясы ұсынылды. Педагогтер адами құндылықтар туралы баяндады, шеберлік сынып өткізді, қатысушыларды «Өзін-өзі тану» пәні мен басқа да оқу пәндерінің ішкі және сыртқы интеграциясымен таныстырды. Семинардың тәжірибелік бөлімінде өзін-өзі танумен біріктірілген сабақ жоспарын құру бойынша топтарда жұмыс жүргізілді.
«Құндылықтар ағашы» рефлексиясын өткізу барысында қатысушылар семинардың практикалық маңыздылығын атап өтті. Педагогтер семинардың пайдасы жөнінде және одан көп ақпарат алғандарын айтты. Аталмыш іс-шара педагогтердің шығармашылық ізденістері үшін жақсы тәжірибе және ынталандыру болды.
