17
март
2025
Семей қалалық өлкетану мұражайына танымдық саяхат
Семей қаласының Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 5 "В" сынып оқушылары Семей қалалық өлкетану мұражайына танымдық саяхат жасады. Экскурсия барысында оқушылар туған өлкеміздің бай тарихымен, мәдени мұраларымен, табиғи ерекшеліктерімен танысты. Мұражай қызметкерлері Семей өңірінің өткені мен бүгіні жайлы қызықты мәліметтер ұсынып, тарихи жәдігерлердің маңызын түсіндірді. Оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлы тұлғалары мен тарихи оқиғалар туралы тың ақпарат алып, өздерінің таным көкжиегін кеңейтті. Бұл саяхат балалардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың отансүйгіштік рухын нығайтуға ықпал етті. Оқушылар ерекше әсер алып, алған білімдерімен сыныптастарымен бөлісті.
