Киелі шаһар Түркістанға саяхат » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Киелі шаһар Түркістанға саяхат
27
март
2019

Киелі шаһар Түркістанға саяхат


Саяхат ең алдымен Оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи, киелі орын Арыстан баб кесенесіне барудан басталды. Бұл жерде баба мүрдесі қойылған ерекше бөлмені көріп, арнайы тілек тілейтін орында болып, Арыстан баб құдығының қасиетті суының дәмін татты. Студенттерді таңқалдырған, оларды қызықтырған ерекше нысан болды. Бұл Арыстан бабтың қабіріне түнеп, мінәжат етуі, оның тарихы студенттерді бей-жай қалдырмады. Бұл киелі орыннан соң Шәуілдір кентіндегі Отырар мұражайына саяхат жасап, «Отырар опаты» болған көне Отырар қаласының орнын, қаладағы моншаның орнына жүргізілген қазба жұмыстарын және құмырашылар шеберханасын тамашалады. Түскі астан кейін Түркістандағы Ахмет Яссауи кесенесіне саяхаттады. Саяхат барысында шетелдік студенттер еліміздің түркі тілдес халықтардың рухани орталығы, Қазақ хандығының саяси астанасы болған Түркістан қаласын, XV ғасырда Қ.А. Яссауиге арнап тұрғызылған кесенесін аралап, ғажайып «Тайқазанды», Ахмет Яссауи мүрдесіне қойылған құлыптасты, жерленген бөлмені, Абылай хан ескерткішін көрді, тарихымен танысты. Одан соң жер асты мешітіне барып, Ахмет Яссауи қылуетке түскен жерді көздерімен көрді. Шығыс моншасы мен Жұма мешітінде болды,оқушылар ерекше әсер алды.