07
март
2025
«Магистрлер мектебінің жоғары оқу орындарымен жұмыс істеу алгоритмі» шебер сыныптып
«Магистрлер мектебінің жоғары оқу орындарымен жұмыс істеу алгоритмі » тақырыбындағы шебер сыныптыпқа
РЕФЛЕКСИЯ
Магистрлер мектебінің жетекшісі
Оспанова Ляйля Токабаевна
Мектептегі магистрлер мектебі соңғы жылдары құрылған мектептегі ғылыми жұмыстарды дамытудың маңызды тетігі болып табылады. Кеңесте 20 мұғалім бар. Жыл сайын магистратура бітірген мұғалімдер санымен көбейе түсуде. Облыстық семинарда шебер сынып өтудегі басты мақсатымыз да осы мектептің жұмысымен таныстырып, тәжірибе алмасу болатын. Шебер сыныптың мақсаты: Қатысушыларға білімді, мәдениетті,іскер маман ретінде білім кеңістігіне ғылыми жаңалықтар енгізуге, өз білімін жетілдіруіне ықпал жасай отырып, тәжірибе алмасу, әдістемелік көмек ұсыну болатын.
Ең алдымен магистрлер мектебінің жобасымен таныстырып, жұмыс бағыттары туралы анықтама берілді. Қатысушы қонақтар қызығушылық танытып, өз пікірлерін айтып, сұрақтар қойды.
Магистрлер мектебінің негізі міндеттерінің бірі- мектепте ғылыми бағытта жұмыс жүргізетін мұғалімдер мен оқушылардың ғылыми қоғамына қолдау көрсету екенін айта келіп, ғылыми жоба жазу барысындағы жоғары оқу орындарының маңызына тоқталып, жұмыс істеу алгоритмімен таныстырдық.
Жаратылыстану бағыты бойынша жүргізілген нақты жұмыстар мен нәтижелер туралы және ғылыми жоба жазудағы жоғары оқу орнының жұмыс істеу алгоритмі туралы химия пәні мұғалімі Г.Кәмелбекқызы өз тәжірибесімен бөлісті.
Өз тәжірибемізбен бөліскен соң, Атаулар туралы үш сұрақ әдісі бойынша:
1.Қайда? Мектептегі магистрлер мектебі, кеңесі немесе одағы деген терминді естідіңіз бе? Мектепте қандай жұмыстар атқару керек деп ойлайсыз?
2. Қалай? Өз тәжірибеңізден осы жұмыстарды мектепте қалай нәтижелі атқаруға болатыны туралы кеңес бере аласыз ба?
3. Қандай? Бүгінгі шебер сыныптан қандай пайдалы ақпарат ала алдыңыздар? – деген сұрақтар төңірегінде пікір алыстыұқ.
Шебер сыныпқа қатысушыларға пайдалы ақпараттар берілді. Өте белсенді болып, кері байланыс жасады.
Қатысушылардың қолына үстелге қоятын күнтізбе үлгісіндегі кері байланыс кітапшасы берілді, осы арқылы пікірлерін жазды.
