18
март
2024
"Арқан тартыс", "Көтермек" ұлттық ойындары
Қазақтың жаңа жылы - "Наурыз" мерекесі қарсаңында 9 "В" сынып оқушылары ұлттық спорт түрлеріне шолу жасап өтті. Оқушыларды ұлттық ойын түрлерімен таныстырып қана қоймай ойын ережесі мен шарттарын түсіндіріп нақтылады. Іс-шара барасында "Арқан тартыс", "Көтермек" ұлттық ойындарын мектеп оқушылары ойнап белсене қатысты. 9 "В" сыныбы келе жатқан ұлыстың ұлы күні құтты болсын дей келе, баршаңызға молшылық, бақыт, татулық пен береке тілейді! Сынып жетекшісі: Айтбаева Жанар Ашманқызы

