15
март
2023
"Ақ бата – асыл мұра" бата сайысы
Қазақ халқының кез келген мейрамы ақ тілек пен батасыз өтпейді. Наурыз мейрамында Наурыз батасының орны ерекше. Бұл күні жасы кішілер үлкендерге сәлем бере барып, ақсақалдардың батасын алады. Бата. Ұлысың оң болсын, Ақ мол болсын! осы орайда мектебімізде оқушылар арасында бата беру сайысы өтті. "Дәстүр мен ғұрып" жобасы аясында және наурыз мерекесіне орай білім алушыларға ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан қазақтың ұлттық салт дәстүрлері, бата түрлерін ажырату, батаны өмірде қолдана білуге,бата беріп үйренуге баулу, мақсатында 8-11 сынып білім алушылары арасында "Ақ бата – асыл мұра" бата сайысы өткізілді. Сайыскерлер Ақ бата, Жас жұбайларға берілетін батасы, Серттесу батасы, Наурыз батасы, Балаларға арналған бата, Мал басына берілетін бата туралы презентация дайындап айтып берсе, "Бата түрлері" кезеңінде таңдалып алынған Төле бидің Қойгелді батырға берген батасы, Анасының Райымбек батырға берген батасы, Қарасай батырдың балаларына берген батасы, Бауыржан Момышұлының батасын жатқа айтып жарысты. Нәтижесінде жеңімпаз топтар дипломмен марапатталды.
