«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымы қабылдау » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымы қабылдау
15
февраль
2024

«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымы қабылдау

Бүгін №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі 3-6 сынып оқушыларын Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты түрде қабылдау іс-шарасы өтті. Бүгінгі қабылдау рәсіміне 97 оқушы қатысып, оның ішінде 35 оқушы «Жас Ұлан» ұйымына, 55 оқушы «Жас Қыран» ұйымы қатарына қабылданды. Өткізілген іс-шарасы үлкен дайындықпен ұйымдастырылып, өз дәрежесінде өтті. Мектебіміздің белсенді оқушылары, «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері Омарханов Ерали мен ұланбасы Пірімбетов Алишер салтанатты жиынды жүргізіп, ұйымның мақсат-міндеттері мен ережелерімен таныстырып, қатысып отырған барша көрермендердің көңілінен шығып отырды. Салтанатты жиында Мемлекеттік ту мен «Жас Ұлан» ұйымының туы ортаға маршпен шығарылып, әнұран орындалып, «Жас Ұлан» ұйымының әні шырқалды. Оқушылардың «Ант» қабылдау сәті де бір ерекше көңіл-күймен өтті. Ту түстес галстук пен төсбелгіні мектеп мұғалімдері мен ата-аналардың бірлесе отырып тағуы- бұл да бір есте қаларлық көрініс болды. Мектебіміздің домбырашылар тобы «Балбырауын» күйін орындап, жиналған көрермендерді айырықша күйге бөлесе, талантты әншіміз  Капанов А «Туған ел» әнін орындап, көңілдерін көтеріп тастады. Қорытынды бөлімінде мектеп директоры Сатаева Айгул Уасиловна сөз алып, оқушыларды ұйымға өтуімен құттықтап, сабақты жақсы оқып, тәрбиелі, ақылды азамат болыңдар деген тілегін жеткізді. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив