09
январь
2024
"Жыл қорытындысы" тікелей эфир бағдарламасының қонағы
Төлеубай Аманов атындағы #16 жалпы орта білім беретін мектептің 7 "ә" сынып оқушысы Исаев Ералы жыл бойы әр түрлі жетістіктерге жеткені үшін, республикалық, регионалдық конкурстардың неше дүркін жеңімпазы, лауреат атағының иегері атанып, білім бөлімінің " Біздің мақтанышымыз" деген марапатына иеленгені үшін "Семей - Қазақстан" телеарнасының "Жыл қорытындысы" тікелей эфир бағдарламасының қонағы болды. Ералының тағы бір жетістіктерінің бірі - Латиф Хамиди атындағы #1 балалар музыка мектебінің екі бөлімін 5 жыл оқып үздік аяқтап, Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училище /колледж/ тәрбиеленушісі атанды. Ералы бос уақытың тиімді пайдаланады, пауэрлифтинг спорт секциясына, БММ ансамбль, оркестрыне қатысады, және Прима-қобыз, қыл қобыз сыныптарында оқуын жалғастыруда. Қалған уақытта жеке шаруашылық жұмысқа көмектеседі, тойларда ән айтып, қобыз ойнайды.
