24
январь
2024
«Мектеп музейі- патриоттық тәрбие негізі» тақырыбындағы диалогтық алаң
2024 жылдың 24 қаңтарында Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Мектеп музейі- патриоттық тәрбие негізі» тақырыбындағы диалогтық алаң өткізілді.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» маңызды бір бағыты болып табылатын патриоттық тәрбиеге арналған Семей қаласы мектептерінің директордың тәрбие ісі орынбасарларына «№16 Т. Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» және Ы. Алтынсарин атындағы №37 гимназияның ұйымдастыруымен өтті. Аталған диалогтық алаңның мақсаты- білім алушылардың Отанға, еліне, туған жеріне деген патриоттық сезімдерін оятуда мектеп музейінің рөлін арттыру
Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Булабаев Біржан Заманбекұлы диалогтық алаң жұмысына сәттілік тілеп, мектеп мұражайларының патриоттық тәрбие беру ісіндегі маңыздылығына тоқталды. Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназияның музей меңгерушісі Мухамедиева Гүлжан Мұхамедқазықызы «Ұлттық мұраға ұқыпты қарау» тақырыбында және «№16 Т. Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» музей меңгерушісі Имангожина Назгүл Тұрсынғазықызы «Патриоттық тәрбие берудегі музейдің рөлі» жайлы іс- тәжірибелерімен бөлісті. Сондай- ақ, осы диалогтық алаңға шақырылған Ауған соғысының ардагері Сыздықов Ғажайып Төлеусейітұлы ардагер ретінде отансүйгіштік қасиеттерге баулу жайлы ой қозғады. Аубакирова Арайлым Сакенқызы №16 мектеп түлегі, 6-сынып жетекшісі ретінде өз іс-тәжірибесінде мектеп музейімен байланысты қандай жұмыстар жүргізгендігі жайлы айтса, мектеп президенті Омарханов Ерали мектеп оқушыларының болашақта қоғам игілігі үшін қызмет ету немесе Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруға белсенді үлес қосу үшін мектеп музейінің рөлі жайында пікірін айтты.
