«ТӘЖІРИБЕ. БІЛІМ. ИННОВАЦИЯ» іс-шара » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ТӘЖІРИБЕ. БІЛІМ. ИННОВАЦИЯ» іс-шара
23
апрель
2022

«ТӘЖІРИБЕ. БІЛІМ. ИННОВАЦИЯ» іс-шара

22.04.2022 күні қаламыздағы жалпы орта білім берудің «қара шаңырағы» деп есептелетін, бір ғасырлық тарихы бар №16 Төлеубай Аманов атындағы мектептің базасында «Семей қаласының білім бөлімі», Әлихан Бөкейхан Университеті, тарих пәні мұғалімдерінің қалалық ӘБ және «Төлеубай Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ бірлесе отырып, «ТӘЖІРИБЕ. БІЛІМ. ИННОВАЦИЯ» тақырыбындағы «ҚР БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ ТАМАРА КЕҢЕСОВАНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК АЛАҢЫ-3.0» іс-шарасын өткізді. Іс-шараға қала және қала маңы мектептерінен 35 ұстаз келіп қатысты. Арнайы қонақ ретінде ABU оқытушылары, Тамара Құмарқызының ұлдары шақырылды.
Әдістемелік алаңның мақсаты- тарих пәні мұғалімдерінің, оның ішінде әсіресе жас мамандардың постпандемиялық білім беру жүйесіндегі жұмысына әдістемелік көмек беру, ол үшін Әлихан Бөкейхан Университетінің ғалымдары мен қала мектептерінің тәжірибелі ұстаздарымен диалогтық алаңдар ұйымдастыру, көкейкесті мәселелерді ортаға салу арқылы шешім табуға тырысу.
Жалпы іс шарада бес диалогтық алаң жұмыс істеді: «Жетістік баспалдақтары» (Қ.А. Оразалин), «Ғылыми жоба тақырыптары»(А.Қ. Рахметуллин, А.П.Пашенцев), «Мәнмәтіндік тапсырмаларды тарих пәні мұғалімінің тәжірибесінде қолдану»(А.А. Айтказина), «Қазақстан тарихын оқытуда өлкетану компонентін қолдану нәтижелері»(В.А. Боровинский), «Педагогтердің психологиялық құзіреттілігін дамыту»(Ш.О.Орынгалиева)
Әдістемелік алаңның қорытынды бөлімінде Петропавл қ өткен тарихшылар съезі жайлы делегаттар Қ.А. Оразалин мен А.Қ. Рахметуллин, қала бойынша тарих пәнінің көкейкесті мәселелері туралы білім бөлімінің әдіскері А.С. Сүлейменова сөйледі және білім бөлімі атынан ұйымдастыруға зор қолдау көрсеткені үшін ABU әкімшілігіне Алғыс хаттар, ал алаң спикерлеріне тәжірибе бөліскені туралы Сертификаттар табыстады.
Жалпы алғанда әдістемелік алаң өз мақсатына жетті, қатысушыларға да, ұйымдастырушыларға да, диалогтық алаңдарды жүргізген спикерлерге де бұл іс-шара өзіндік жаңа бір тәжірибе болды деуге толық негіз бар. Және де ЖОО мен мектеп арасындағы тығыз қарым-қатынас ұтымды іс-шараны өткізуге кепіл бола алатынын да көрсетті.
 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив