01
декабрь
2023
"Бесінші маусым жұпары" атты поэтикалық қойылым
Облыстық инновациялық-әдістемелік орталықтың бастамасымен "Бесінші маусым жұпары" атты поэтикалық қойылым қойылды. Шараға облыстың 8 ауданынан 320 астам әдебиетке бейім оқушылар мен қазақ әдебиеті мұғалімдері арнайы шақырылды. Қала мектептерінен 100 үстінде ақынжанды балалар жиналды. Сахнада қазақ әдебиетінен сабақ беретін жас мұғалімдер, қаламыздың N16 Төлеубай Аманов атындағы мектебінің әр сыныптағы оқушылары мен мұғалімдерінің қатысуымен ақын шығармалары бойынша поэтикалық қойылым қойылды. Көрерменін тамаша әсерге бөлеген қойылым әдебиетке бейім қаншама баланың жанын нұрландырды. Мектеп атын асқақтатқан түлек Тыныштықбек Әбдікәкімұлымен мақтанамыз.

