10
апрель
2023
"ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕР " көрмесі
10.04.2023 ж Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп Шәкәрім университетінде өткен ғылым апталығы шеңберінде,қазақтың ұлы ақыны, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай ұйымдастырылған "ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕР" көрмесіне белсене қатысып, "Мектеп-колледж-университет" үштігі ынтымақтастығын нығайтып, жетістіктерімен бөлісіп, ғылымды интеграциялауға қосқан үлестері үшін мектеп директоры Сатаева Айгул Уасиловна сертификатпен марапатталды. Көрмеге белсене қатысқан жетекшілерге алғыс айтамыз.
