20 сентябрь 2018 0 1 2 3 4 5 "Асылдың сынығы" атты кездесу Т. Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектепте ғасырында бір туатын дарын иесі, Алаштың ғұлама ғалымдарының бірі, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақ ССР Ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі, Ұлы Отан соғысының ардагері, мектеп атын асқақтатқан түлек, профессор Төлеубай Ыдырысұлы Амановтың туғанына 95 жыл толуына орай 2018 жылдың 20 қыркүйегінде «Жарқын бейне» атты салтанатты жиын өтті. Төлеубай Ыдырысұлы Амановтың қызы, асылдың сынығы Нұргүл Төлеубайқызы мектебімізге Астанадан арнайы келді. Бұл күні аталған мектепте бірнеше іс-шара өткізілді «Т. Амановтың төрт кісілік қасиеті математикада» тақырыбында 8 «б» сыныбы оқушыларымен математика пәні мұғалімі А.М Сұлташева және «Амановты тану жалғаса береді...» атты ашық тәрбие сағатын математика пәні мұғалімі Ж.Е. Нұрбаева 11 «а» сыныбының оқушыларымен өткізді.Мектептің мұражай жетекшісі, тарих пәні мұғалімі А.А. Айтказина мектептің тарихи-өлкетану мұражайымен таныстырды. 9- сыныптар арасында волейболдан турнир өтіп, жеңімпаздар анықталды.Іс-шараны қорытындылау мақсатында тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дүйсебаева Жанар Түлкібайқызы «Асылдың сынығы» тақырыбында Нұргүл Төлеубайқызымен акт залында кездесу өткізді.