08
декабрь
2022
Жаратылыстану пәндерінің 10 күндігі
Жаратылыстану пәндерінің 10 күндігіне орай география пән мұғалімі: Ожанова Куралай Болатовна География пәнінен 9 «Ә» сыныбында Қазақстанның ішкі суларының түрлері атты ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты : Қазақстанның ішкі суларын топтастырады, көрсеткіштерін таңдайды және сипаттайды (өзендер мен көлдер, мұздық, мәңгі тон жерасты сулары) Сабақта қалыптастырушы бағалау түрлері жүзеге асты:
«Бас бармақ» әдісі. «Шапалақ» әдісі. «Ыстық алақан» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жүрекжарды тілектерін білдіру арқылы сабақ басталды. «Қарлы кесек» әдісі арқылы оқушыларға өткен тақырып бойынша мұғалім сұрақ жаудырады. «INSERT» әдісі арқылы әр топ оқулықтағы мәтінмен танысып, берілген бөліктерін түсініп оқып, постер қорғайды. Жаңа сабақ 3 топқа бөлінді. Оқушылардың білімін дескрипторлар арқылы бағаланды: Топтар бірін бірі бағалады.LearningApps.org - мультимедиялық интерактивті жаттығуларын қолдану арқылы сабақты бекіту сұрақтары қойылды. Сабақ соңында кері байлыныс берді. Сабақ мақсатына жетіп, сәтті өтті.
