Коучинг: Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыстың маңыздылығы » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Коучинг: Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыстың маңыздылығы
29
март
2019

Коучинг: Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыстың маңыздылығы

Коучинг: Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыстың маңыздылығы
Коуч:математика   пәні мұғалімі, І деңгейлі сертификатталған Ж.Е.Нурбаева
Мақсаты:
  • Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыстың маңыздылығы мен кері байланыс жүргізудің жолдарын көрсету
  • Өзін – өзі және өзара бағалауда критерийлерді пайдаланудың маңыздылығын айқындау.
Міндеттері: 
  • Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыстың маңыздылығын ұғыну. 
v Қалыптастыруша бағалаудағы кері байланыстың тиімділігіне көз жеткізу.
v Қалыптастыруша бағалаудағы кері байланысты ұйымдастыру жолдарын анықтау.
Күтілетін  нәтиже
Мұғалімдер оқытудағы бағаның рөлін анықтайды, мұғалім қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыстың маңыздылығын түсініп оны жүзеге асыру жолдарын анықтайды.
негізгі идеялар
Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыс мұғалімнің тәжірибесін және оқушының білім деңгейін жоғары дәрежеге көтереді.
Материалдар және ресурстар
  • Компьютер, интерактивті тақта, бейнежазба,үлестірме материалдар, маркерлер, стикерлер, плакаттар, тапсырмалар
УақытыКоучтің іс әрекетіМұғалімдердің іс әрекетіҚолданатын әдіс- тәсілдер Табыс     критерийлері
15 минут«Менің есімімнің тарихы»  әдісі 
бойынша топқа бөлу
1 күн бұрын өзінің есімінің тарихы, кім және қашан қандай жағадайда қойғаны туралы зерттеу тапсырма беріледі. Жеке-жеке сұралады, өзінің есімінің тарихы туралы айтып береді.«Менің есімімнің тарихы»   -топ құрылады
23 минутҚызығушылықты ояту: 
Терминдерді табайық
Дескриптор 
Бағалау критерийі
Кері байланыс
Рефлексия
Рубрика
Жиынтық бағалау
Қалыптастырушы бағалау
Әр топ қорғайды. Бұл әдістің тиімділігімен бөліседі. «Ашық микрофон» әдісіҚұнды ой жинақтап, ойын ашық айтады
31ОминутМағынаны ажырату:
Топтарға тапсырма беріледі. 
  • Қалыптастырушы бағалау қай жағдайда тиімді болады?
  •  Кері байланысты кім қамтамасыз етуі мүмкін? 
  • ҚБ мен ЖБ негізгі айырмашылықтары неде?
  •  Өзін –өзі және өзара бағалау дегеніміз не?
  • Сабақтағы кері байланыс қандай мақсатпен алынады және оның қандай түрлері болады? 
  • Өз сабақтарыңызда кері байланыстың қай түрін көбірек қолданасыз?
Түрткі болу, сынақтан өткізу немесе қайта бағыттау техникаларын пайдаланады
өз ойын ашық жазып немесе іліп кетеді «Сұрақ ілмегі» әдісіойландырып жүрген сұрақтарын ашық айтады 
415 минутОй- толғаныс: 
Кері байланысты кім қамтамасыз етуі мүмкін?
Кеменің суретін салуға тапсырма береді
жұмыстарын қорғайдыСын тұрғысынан ойлау әдісінің стратегияларыБірін-бірі тыңдау, корытындылар жасау, алған білімдерін практикада қолданады
55 минутКері байланыс 
«Интервью» тәсілі
 
Сұрақтарға ауызша және жазбаша жауап береді  Жазбаша ойларын білуСыни тұрғыдан ойлануға үйренеді.
Қолданылған әдебиеттер:
  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші басылым, 2012 жыл.
  2. Қазақстан Республикасы  педагогикалық қызметкерлердің білімін көтеру курстарының бағдарламасы, 2012 жыл.
Рефлексия
«Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыстың маңыздылығы» коучингке 3топқа бөлініп, 18 педагог қатысты. Коучингке шығармашылық топ мүшелері және 8 б сыныбына сабақ беретін мұғалімдер қатысты.
Коучингтің мақсаты: Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыстың  маңыздылығы мен кері байланыс жүргізудің жолдарын көрсету.Өзін – өзі және өзара бағалауда критерийлерді пайдаланудыңмаңыздылығын айқындау.
«Менің есімімнің тарихы»  әдісі бойынша  3 топқа бөлінді.Топқа бөлу әдісінің  тиімділігі мен қолданысын білді.
Қызығушылықты ояту кезеңінде  топтарға «Терминдерді табайық» кестені толтыру жұмысы берілді.Топ мүшелері осы әдіс арқылы еске түсіріп,сабақтың қай кезінде қолданылатынын айырмашылықтарын еске түсіріп жұмыс жасады. 
Мағынаны ажырату кезеңінде Топтарға сұрақтар берілді. Топ мүшелері берілген сұраққа жауап берді. «Сұрақ ілмегі» әдісін қолданып ойландырып жүрген сұрақтарын тақтаға іліп отырды. Ой-толғаныс кезеңінде, Кері байланысты кім қамтамасыз етуі мүмкін? деген сұрақ қойылды. Мұғалімдер жауап берді. Кеменің суретін салуға тапсырма бердім. Суреттер салынып, әр топтан спикерлер шығып қорғады. Қалыптастырушы бағалауда кері байланыстың маңыздылығын түсіндірді.  Әр топтың жұмысынан кейін, слайдты пайдалана отырып толықтырылып отырды. Коучинге қатысушыларға АКТ-ны пайдалану арқылы  жаңа және ойландырып жүрген мәселелері бойынша  теориялық материал берілді. Коучинг соңында кері байланыс  «Интервью» тәсілі арқылы жасалды.Арнайы дайындап әкелген кестені толтырттым. Коучингке қатысушылар өздеріне қажетті ойландырып жүрген ақпараттар алғандарын айтып, ризашылықтарын білдірді.