28
февраль
2019
«Мұражайдың білім беру кеңістігін балалар мен жастардың патриоттық тәрбиесінде қолдану: тәжірибе және перспективалары» тақырыбында мектеп мұражайлары
2019 жылғы 28 ақпанда «Мұражайдың білім беру кеңістігін балалар мен жастардың патриоттық тәрбиесінде қолдану: тәжірибе және перспективалары» тақырыбында мектеп мұражайлары жетекшілері үшін қалалық семинар өтті.
Мектеп мұражайларының жетекшілері Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мамандары Ляззат Альжан және Г.Е. Қожахметовадан мұражай ісі саласында білікті әдістемелік және кеңестік көмек алды. Қалалық өлкетанушылар қоғамы төрағасының орынбасары Л. Южакова мұражайдың жергілікті қоғамдастықпен байланысының маңызы туралы айтты. Мұражай жұмысының өлкетану, әскери-патриоттық, этнография бағыттары бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ № 6, 16, 37, 29, 28, 30 мектеп мұражайлары жетекшілерінің мұражайлық сабақтар өткізуі туралы баяндамалар қызықты және танымды болды.Осы семинарға мектеп мұражай жетекшісі А.Айтқазина қатысып, баяндама жасады.
Білім беру саласы мұражайының жетекшісі Г. Великанова мұражай әлеуетін оқу-тәрбие тәжірибесінде белсенді қолдануға ықпал ететіндей мектеп мұражайларының жаңа, неғұрлым тиімді жұмыс нысандарын іздестіру қажеттігін атап өтті.
Семинар соңында қатысушылар семинардың ақпараттық толықтығын, практикалық маңыздылығын атап өтіп, өзара ойларымен бөлісіп және өз тілектерін айтып, пікірлер кітабын толтырды. Семинар қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді.