24
ноябрь
2022
Математика кабинетінің ашылу салтанаты
Еңбек ардагері, «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» Сабиханова Клара Сабиханқызы атындағы математика кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Клара Сабиханқызы 1967-2004 жылдар аралығында Семей қаласындағы №16 қазақ орта мектебінде 37 жыл қызмет етіп, 1973-1975 жалдарда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды. 2004 жылдан бастап Клара Сабиханқызы еңбек демалысында. Ұстаз деген қастерлі де қасиетті атқа лайық жан, өз уақытын аямай еңбек еткен Ұстаздардың Ұстазы!
