14
октябрь
2022
"Республикам менің"
3 "В" сыныбында 25 қазан-Республика күніне орай "Республикам менің" атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды мерекелік күннің тарихымен таныстыру. Маңыздылығын түсіндіру. Оқушылардың патриоттық сезімін ояту. Тәрбие сағаты сайыс форматында өткізілді. Сынып оқушылары 3 топқа бөлініп 3 кезеңнен тұратын қызықты әрі танымдық тартысқа белсене қатысты. Сайыс барысында Қазақстан Республикасы туралы викториналық сұрақтарға жауап беру, Отан, ел, жер туралы мақал- мәтелдер бойынша сайыс және постер жасау бойынша тапсырмалар берілді. Тақырыпқа сәйкес видео, слайдтар көрсетілді. Тәрбие сағатына оқушылар үлкен қызығушылықпен, белсенділікпен қатысты.
