Ата-аналарға арналған ашық есік күні
Білім бөлімінің ұйымдастыруымен ата-аналарға арналған "Мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беру жөніндегі ашық есік күні" өтті. Мектептегі "Адал ұрпақ" клубының мүшелері "АДАЛ ҰРПАҚ - МӘҢГІЛІК ЕЛ БОЛАШАҒЫ" тақырыбында топтық жұмыс көрсетіп, мектепте өткізілген іс-шараларға тоқталды. Оқушылар ОТБАСЫ, МЕКТЕП, МЕМЛЕКЕТ болып үш топқа бөлінді. Әр топ берілген тапсырма бойынша жұмыстарын қорғап шықты. Ұйым жетекшісі, мектеп тәлімгері Б.С.Алиева оқушылармен әрдайым тығыз байланыста.