Воспитательная работа » Страница 6 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
отдела образования города Семей управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Бухгалтерия
+7(7222)568278
Версия для
слабовидящих
«Жас қыран» ұйымына қабылдау рәсімі
24
октябрь
2024
«Жас қыран» ұйымына қабылдау рәсімі
Мектебімізде жас ұрпақты отансүйгіштікке баулитын салтанатты шара – «Жас қыран» ұйымына қабылдау рәсімі өтті. Бұл күні оқушылар ұйым қатарына қосылып, ел болашағы үшін жауапкершілік пен адалдық антын қабылдады. Жаңа мүшелер ұйымның белгілерін тағып, достық пен бірлікке негізделген маңызды қадам жасады. «Жас қыран» ұйымына қабылдану – әр оқушының ерік-жігерін шыңдап, патриоттық сезімін дамытуға жол ашады.
«Күз байлығы» жәрмеңкесі
24
октябрь
2024
«Күз байлығы» жәрмеңкесі
Мектебімізде «Күз байлығы» жәрмеңкесі ерекше көңіл-күймен өтті. Оқушылар мен ата-аналар күздің молшылық сыйларын өздері әкеліп, түрлі жеміс-жидек, көкөністер мен қолөнер бұйымдарын сатылымға шығарды. Әр сынып өз өнімдерін таныстырып, келген қонақтарға ұсынып, мереке сәнін арттырды. Бұл жәрмеңке арқылы оқушылар еңбекқорлықты, табиғат байлығын бағалауды үйреніп, ортақ іс-шараның қуанышын бірге бөлісті. Бұл шара күздің байлығын насихаттап қана қоймай, оқушыларға еңбекқорлық пен табиғатты құрметтеу
“Менің Отаным - Қазақстан” атты ашық тәрбие сағат
23
октябрь
2024
“Менің Отаным - Қазақстан” атты ашық тәрбие сағат
23.10 күні мектебімізде 25 октябрь Республика күніне орай ұйымдастырылған “Менің Отаным - Қазақстан” атты ашық тәрбие сағаты өтті. 4 "В" сынып оқушылары еліне, жеріне деген құрметпен ән шырқап, әдемі әдеби композиция оқыса, 7 "В"  “Жас сарбаз” әскери-патриоттық сыныбы саптық жаттығуларынан үзінді көрсетіп ән шырқады. Ал салтанатты жиынның әдемі өтуіне ат салысқан 9 "В" сынып оқушылары жүргізуші болып, күмбірлетіп кдомтартып, би биледі. Нағыз ел патриоттарының ұйымдастыруымен жүзеге асқан іс-шара
Қазақстанның болашағы көрме
23
октябрь
2024
Қазақстанның болашағы көрме
Республика  күніне орай «Қазақстанның болашағы» атты көрме  өтті. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін танытуға және елге деген сүйіспеншілігін білдіруге тамаша мүмкіндік берді. Көрмеде ұлттық рәміздер, қазақ халқының салт-дәстүрлері, табиғат көріністері мен мәдениеті бейнеленген түрлі суреттер қойылған. Әр сурет оқушылардың Қазақстанның жарқын болашағына деген сенімі мен мақтанышын көрсетеді.  
“Менің Отаным-Қазақстан” атты мерекелік іс-шара
23
октябрь
2024
“Менің Отаным-Қазақстан” атты мерекелік іс-шара
Мектепте Республика күніне орай “Менің Отаным-Қазақстан” атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Жауапты сыныптар: 9В, 7В және 4В. Іс-шара мақсаты:Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата-бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа,
"Ата кәсіп – берекенің бастауы" кездесу
18
октябрь
2024
"Ата кәсіп – берекенің бастауы" кездесу
"Даналық мектебі" клубы жұмысы аясында 18.10. күні "Ата өсиеті" бойынша 7-8 сынып оқушыларына   "Ата кәсіп – берекенің бастауы" тақырыбында аталармен кездесу өтті. Мақсаты: Мамандық таңдауда ата ақылының маңыздылығын түсіндіру
8-11 оқушылары арасында құқық бұзушылықты алдын алу
03
октябрь
2024
8-11 оқушылары арасында құқық бұзушылықты алдын алу
Орталық ПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция майоры М.Садыканова №16 Т.Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің әкімшілігімен бірлесе отырыпг, №16 мектептің 8-11 оқушылары арасында «бопсалау», «күш көрсету», «ақша жинау» баптарымен және құқық бұзушылықты алдын алу бойынша профилактикалық дәріс жүргізді. 
Қауіпсіздік сабағы "Бейтаныс адамға көмек көрсетуге бола ма?"
30
сентябрь
2024
Қауіпсіздік сабағы "Бейтаныс адамға көмек көрсетуге бола ма?"
Қауіпсіздік сабағы "Бейтаныс адамға көмек көрсетуге бола ма?" тақырыбында тәрбие сағаты өтті.  Оқушылардың жауаптарын тыңдап, сабақта қарастырылған ережелерді еске түсіріп, оларды өз өмірінде қолдана білуге шақыру.  4 "Б" сыныбы  Сынып жетекшісі: Кенжегуль Шашымовна Бектенова. Сабақтың соңында әр оқушы өз ойын білдіреді: "Мен бейтаныс адамнан көмек сұраған кезде не істеймін?" деген сұраққа жауап береді.  Мұғалім оқушыларға әрқашан өз қауіпсіздігіне мән беру керектігін айтып, бейтаныс адамдарға
"Қамқор проект " аясында "Қарттарым – асыл қазынам"
30
сентябрь
2024
"Қамқор проект " аясында "Қарттарым – асыл қазынам"
1 "Г" сыныбында "Қамқор проект " аясында "Қарттарым – асыл қазынам" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сабақтың негізгі мақсаты – жас жеткіншектердің бойына үлкендерді құрметтеп, тыңдай білу дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу болды. Сонымен қатар, "Егер бейтаныс адам көшеде көмек сұраса не істеу керек?" атты қауіпсіздік сабағы өткізілді. Бұл сабақта балаларға көшедегі бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау барысында сақ болу қажеттілігі түсіндіріліп,