"Туған қалам, Семейім" мерекелік іс-шара
Мектепте қала күніне орай арнайы жоспар бекітіліп, мерекелік іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ, "Туған қалам,Семейім!" флешмобы, көрме, баскетболдан ұлдар арасында турнир, "Туған күніңмен,Семей!" атты поэтикалық кеш өткізіліп, 11 сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Сондай-ақ, "Адал Ұрпақ" клубының мүшелерінің ұйымдастыруымен "Жайна Семей!" акциясы өткізілді. Сонымен қатар мектебімізде Семей қаласынан шыққан ақын-жазушыларымыздың кітаптарынан көрме ұйымдастырылды.