01
апрель
2020
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУҒА КӨШУ БОЙЫНША АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
6 апрельден бастап жалпы орта білім беретін мектептерінің 1-11 сынып оқушылары үшін қашықтық режимінде оқыту енгізіледі. Қазіргі уақытта мектеп әкімшілігі, пән бірлестік жетекшілері, педагогтердің өздері қашықтан оқытуға дайындық бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп жатыр. Жаңа оқыту форматына көшуге байланысты біздің мұғалімдерімізге домжағдайларында тікелей көмек көрсететін ата-аналардың рөлі зор болмақ. Алдағы қашықтан оқыту режимін түсіндіру үшін жалпы орта білім беретін мектептерде ағымдағы жылдың 31 март және 3 апрель аралығында мектеп әкімшілігінің, медицина қызметкерінің, мектеп психологтарының, инспекторларының, информатика мұғалімдерінің қатысуымен жалпы мектеп бойынша ата-аналар жиналысы өткізілуде, олардың әрқайсысы өз бағыттары бойынша қашықтық оқыту жағдайында қалай жұмыс істеу қажеттігі, гигиенаны сақтау, балалар қауіпсіздігі бойынша талаптардың орындалуы және басқа сұрақтар бойынша түсініктемелер беруде.Білім бөлімі ата-аналар жиналысын өткізу бойынша ұсыныстар әзірлеп және мектептерге жіберді, онда баланың жұмыс орнын ұйымдастыру материалдары, психологтың қашықтан оқытуға көшу бойынша материалдары, сондай-ақ қашықтан оқыту туралы ата-аналарға арналған Жадынама бар.