01
сентябрь
2021
Мектеп ішкі тәртіп ережесі
- Оқушы тәртібінің ережесі
- 5 – 11 сынып оқушылары сабақ басталардан 10-15 минут бұрын келіп, киімін киім ілгішке өткізеді
- 1-11 сынып оқушыларының күнделікті бірыңғай мектеп формасы және аяқ киімі талапқа сай, таза болуы керек.
- Оқушы сабаққа қажетті оқулықтар және құрал-жабдықтары салынған сөмкемен келуі керек; кәмелеттік жасқа толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысты азайту мақсатында мектепте смартфондарды, гаджеттерді, қымбатты ұялы телефондарды (қарапайым телефонды қоспағанда) ұстауға тыйым салынады.
- Мінез - құлықтың жалпы ережелері:
- Оқушы қоңырауға дейін сыныпқа кіріп, орнына отырып, сабаққа қажетті құрал – жабдықтарын дайындап отыруы керек. Сабақ қоңырау соғылғанда басталады.
- Қоңырау соғылғаннан кейін кешігіп кіруге болмайды.
- Оқушы сабақты босатқан, ауырған жағдайда сынып жетекшісіне анықтама қағазын алып келуі қажет. Егер отбасылық жағдаймен сабақ босатса алдын – ала ата - анасы мектеп директорына жазбаша түрде өтініш жазуы тиіс. Спорттық жарыстарға, конкурстарға, байқауларға қатысқан жағдайда, ұйымдастырушылар алдын – ала мектеп әкімшілігін хабардар етуі керек. Сабақты себепсіз босатқан оқушы тәртіп бұзған болып есептелінеді.
- Сабақ процесі кезінде оқушы директордың орынбасарларының рұқсатымен сол күнгі сабақтан босатылады. Сынып жетекшісі оқушыны сабақтан жібергені туралы ата-анасына хабардар етуі керек.
- Мектеп оқушылары «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» қағидасын бұлжытпай орындауы тиіс.
- Сабақтағы оқушының мінез – құлқы:
- Сабақ қоңырау соғылғанда басталады.
- Сабаққа кешігуге тыйым салынады. Кешіккен жағдайда мектеп әкімшілігінің атына кешіккен себебін айтып, түсініктеме жазады.
- Сабақта міндетті түрде оқулық, дәптер, күнделік, жұмыс дәптері, т.б. құрал – жабдықтар болуы керек.
- Оқушы сабаққа домтапсырмасын міндетті түрде орындап келуі керек.
- Оқушы мұғалім сыныпқа кіргенде орнынан тұрып амандасады.
- Сабақта оқушыларға берілген тапсырмаларды, бақылау, зертханалық, сарамандық жұмыстарды бір – біріне көшіртуге қатаң тыйым салынады.
- Сабақтың өту барысында кедергі жасаған оқушылар туралы пән мұғалімі мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшісіне хабарлама жасайды.
- Оқушы пән мұғалімінің рұқсатынсыз сабақтан шығып кетуге қатаң тыйым салынады.
- Әр оқу кабинеттерінде оқушы еңбекті қорғау ережелеріне бағынып, қатаң сақтауы тиіс.
- Оқушы домтапсырмасын күнделікке жазып алуға міндетті.
- Оқушыға партада отырғанда, өз денсаулығы үшін түзу отыру ережесін үнемі сақтау керектігі ұсынылады.
- Сабақта сөйлесу құралдарын (ұялы телефондарды, планшет, смартфон, наушник, т.б.) жазатын диктафондарды, фотоаппараттарды, бейнекамераларды қолдануға қатаң тыйым салынады. Тәртіп бұзушылық деп есептелініп, заң органдарына тапсырылады.
- Үзіліс кезіндегі мінез – құлық:
- үнемі тәртіп сақтау;
- Үзіліс кезінде оқушыға тыйым салынады:
- Қатты айқайлап, дөрекі сөйлеуге, балағаттауға;
- Алысып, бірін - бірі жұлқып, жүгіруге;
- Әжетханадағы мінез - құлық ережесі:
Тыйым салынады:
- Әжетхана ішіне жазып сызуға
- Дәретхана қағазын шашуға
- Әжетханада алысып ойнауға, түкіруге
- Құрылғыларды талапқа сай қолданбай бүлдіруге;
- Әжетхананы әңгімелесу орнына айналдыруға;
- Киім ілетін жердегі мінез - құлық ережелері
- Мектеп асханасындағы мінез - құлық ережелері
- Оқушы асханаға үзіліс немесе бекітілген тамақтану уақытында ғана бара алады.
- Асханада жүгіруге, секіруге, бірін – бірі итеруге, кезекті бұзуға болмайды.
- Тамақ үстел басында отырып ішіледі.
- Тамақты сыртқа шығарып дәлізде, далада, кабинетте ішуге болмайды.
- Оқушы тазалықты сақтауы керек:
- Тамаққа дейін және тамақтан кейін қолды сабындап жуу;
- Пайдаланылған ыдысты арнайы орынға апаруы тиіс.
- Асхананың үстеліне кітап, дәптер, сөмке қоюға болмайды.
- Асханаға сырт киіммен кіруге тыйым салынады.
- Тамақтану мәдениетін сақтау:
- Күйіп қалмай, абайлап ішу;