Әдістемелік » Страница 13 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
отдела образования города Семей управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Бухгалтерия
+7(7222)568278
Версия для
слабовидящих
Жалпы орта білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
16
февраль
2023
Жалпы орта білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың
Жалпы орта білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде құқық негіздері пәнінен 11 сынып оқушысы Толеубеков Нұрбол 3 орын алды. Пән мұғалімі А.Т.Тоқтарова. Құттықтаймыз!!!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
15
февраль
2023
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
«Педагогикалық идеялар фестивалі» Республикалық байқауының облыстық кезеңі         2023 жылғы 8 февральда педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін  ынталандыру, инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауының облыстық кезеңіөтті. Аталмыш іс-шараға Семей қаласынының педагогтері қатысты. Хисамутдинова Ромия Ривхатқызы, «Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ көркем еңбек пәнінің
“Менің атым Қожа” тақырыбы бойынша ашық сабақ
15
февраль
2023
“Менің атым Қожа” тақырыбы бойынша ашық сабақ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі аясында пән мұғалімі Р.К.Жумабекова 5 “А” сыныбымен “Менің атым Қожа” тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Оқу мақсаты бойынша тапсырмаларды орындау үшін таңдап алынған әдіс-тәсілдер тиімді болды. Оқушылар сабаққа өте белсенді қатысты. 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі онкүндігі
14
февраль
2023
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі онкүндігі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі онкүндігінің аясында пән мұғалімі Ж.Е.Есенова 6 “Ә” сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Жазушы Оралхан Бөкейдің “Тортай мінер ақ боз ат” әңгімесіндегі кейіпкерлердің типін тек тұрғысынан талдап, шығарма композициясындағы эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасады. Сабақ өз оқу мақсатына жетті.  
"Алаштың арысы Халел Ғаббасовтың туғанына-135жыл" атты танымдық сабақ
13
февраль
2023
"Алаштың арысы Халел Ғаббасовтың туғанына-135жыл" атты танымдық сабақ
"16 Төлеубай Аманов атындағы ЖОББМ"КММ тарих пәнінен "Алаштың арысы Халел Ғаббасовтың туғанына-135жыл" орай 8сыныпта танымдық сабақ өткізілді.
«Ақын, туған күніңмен» атты әдеби-сазды кеш
08
февраль
2023
«Ақын, туған күніңмен» атты әдеби-сазды кеш
Абай облысы Семей қаласындағы №16 жалпы орта білім беретін мектепте ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Ақын, туған күніңмен» атты әдеби-сазды кеш өтті. Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар біздің халық-шынымен де бақытты . Иә, Мұқағали- ғажайып, сыршыл, ақын. Оның өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен
“Көркем жазу-өнер” деген атаумен 8-10 сынып оқушылары
08
февраль
2023
“Көркем жазу-өнер” деген атаумен 8-10 сынып оқушылары
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі аясында “Көркем жазу-өнер” деген атаумен 8-10 сынып оқушыларының арасында сайыс өткізілді. Сайысқа 15 оқушының дәптерлері іріктелініп алынды. Преподаватели, машықкерлер әрі оқушылар ұсынылған жазуларға стикерлер арқылы баға берді.Нәтижесінде, А.Жаныбекова 1-орын, Ү.Оразғали мен Б.Сарқытқанұлы 2-орын, А.Тойлыбаева 3-орын алды.  
«Ұшқан ұя» повесінің көркемдік қуаты»  ашық сабақ
07
февраль
2023
«Ұшқан ұя» повесінің көркемдік қуаты» ашық сабақ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі онкүндігінің аясында пән мұғалімі Ж.Н.Нұрлыбаева 8 «Ә» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен ««Ұшқан ұя» повесінің көркемдік қуаты» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сыныпты үш топқа бөліп, оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдаланды. Интерактивті тақтадан тақырыпқа сай бейнеролик көрсетіп, оқушылар сол бойынша да жұмыс жасады. «Сиқырлы қобдиша» әдісімен сабақты қорытындылап, сынып оқушыларына Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабын сыйға тартты. 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі
07
февраль
2023
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі
««Қазақ тілі» пәнінен білім беру арқылы мұғалім мен оқушының арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас орнату жолдары» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі 06.02.-17.02.2023 жыл аралығында өтеді. 06.02 күні аталмыш іс-шараның ашылу салтанаты «Бауырсақ-береке» үлгісі бойынша басталды. Ұйымдастырушылар арнайы ұлттық тағамдардан дастархан жайып, оқушылар мен мұғалімдерге сұрақтар қойды. Сұраққа дұрыс жауап бергендер жайылған дастарханнан дәм татты. Ұлттық құндылықтарымызды