Дарынды оқушылармен жұмысты ұйымдастыру. » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
отдела образования города Семей управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Бухгалтерия
+7(7222)568278
Версия для
слабовидящих
» » » Дарынды оқушылармен жұмысты ұйымдастыру.
12
май
2021

Дарынды оқушылармен жұмысты ұйымдастыру.

Дарынды оқушылармен жұмысты ұйымдастыру. 
8-11 сынып оқушыларының ғылыми жобалар сайысының қорытындысы бойынша 11 –сынып оқушылары Оразов Мерей мен Меллетхан Ақботаның Өлкетану секциясы «Смарт саябақ» проект (ғылыми жетекшілері К.Ж.Тлегенова, А.А.Бектурсынова), физика секциясы бойынша 8-сынып оқушысы Әділболов Нарынның «Arduino Uno платформасы негізінде ультрадыбыстық сызғыш жасау» проект (ғылыми жетекшісі Ноғайбаев А.Қ), математика секциясы бойынша 8-сынып оқушысы Салихов Томиристің «Квадрат түбірді калькуляторсыз есептеу» жобалары (ғылыми жетекшісі А.С.Амантаева) жүлделі ІІ орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары меншығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсының қалалық конкурсының нәтижесі 7-сынып оқушысы Тұрсынова Аружанның «ШҚО дайындалатын балдардың құрамы, сапасы және пайдасы» ІІ орын (Жетекшісі: биология пәні мұғалімі Исина Арайлым Съезбековна), 4-сынып оқушысы Мұратбек Хорошийбай «Қарақұмықтың адам үшін маңыздылығы, домжағдайында өсіру» проект ІІІ орын (Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі Кагазбаева Кымбат Рамазановна), 6-сынып оқушысы Бекежан Айбектің «Атқа міну мәдениеті: «Жылқы тарихы» проект жүлделі ІІІ орынды (Жетекшісі: тарих пәні мұғалімі Байгельдина Молдир Толеукадыровна) жеңіп алды.
Тель-Авив Университетінің Халықаралық бизнес проект «Momentum» Entrepreneurship Program қыздар арасында кәсіпкерлік ойлауды дамыту үшін ұйымдастырылған конкурста Мүкпенова Дана, Оразбаева Раушан, Қайратова Еркежан ІІІ орын иеленді
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде ІІ, республикалық кезеңінде 11 сынып оқушылары Оразов Мерей, Меллетхан Ақбота 3 орын иеленді. Ғылыми жетекшілері: Кәмшат Жұмағазықызы, Айгерім Амангелдіқызы. «Өлкетану бағыты бойынша ғылыми жоба тақырыбы «SMART   саябақ».
«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің реуспубликалық форумының «Туған өлке тарихы» номинациясы бойынша 11 сынып оқушысы Оразов Мерей IІ орын иеленді. Жетекшісі: Бектурсынова Айгерим Амангельдинова, Тлегенова Камшат Жумагазиевна.
ШҚО білім басқармасы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығымен бірлесіп «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде облыстың мектеп оқушылары арасында «Туған жердің табиғаты» фотосуреттер/бейнероликтер конкурсы өтті. Бұл конкурсқа Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектептің 8 «ә»-сынып оқушылары Манапов Мансұр, Бодауов Нұрсұлтан, Шахизада Шахнұрдың «Туған жердің табиғаты» бейнеролигі жүлделі ІІ орынды иеленді. 
Мектептің "Абай əлеміне саяхат" клуб мүшелерінен құрылған команда ҚР тəуелсіздігіне арналған "Мəңгілік ел-болашаққа ұмтылған ел" тақырыбында ШҚО ғылыми əдістемелік " Дарын" орталығы ұйымдастырған конкурста  "БАС ЖҮЛДЕ" жеңіп алып, мектеп атын асқақтатты. Сыйлыққа: Телевизор, əр оқушыға смарт сағат сыйланды. Осы конкурстың екінші айналымындағы капитан командалар сайысында "Бір ел- бір тағдыр" тақырыбында 9 "ə" сынып оқушысы Алпанова Алуаның жазған  эссесі жүлделі 2-орынды иеленді.
Мектебіміздің өнерлі оқушысы Исаев Ералы «Адал ұрапақ-Мәңгілік ел болашағы» атты балалар байқауында «Вокал» және «Аспапта орындау» номинациясы бойынша жүлделі І орын, Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 100 жылдық мерекесіне арналған Тоғызқұмалақтан Шығыс Қазақстан облысының жасөспірімдер арасындағы жекелей турнирінде жүлделі І орын иеленді.
Жасөспірімдер арасында І орынға Д.Адилбекқызы, А.Дюсенованың «Күзгі Семей» бейнеролигі ие болды (жетекшісі Арайлым Съезбековна Исина).
«Адал Ұрпақ- Мәңгілік ел болашағы» атты балалар мен жастар байқауында «Вокал» номинациясы бойынша көрсеткен өнері үшін 5б сынып оқушысы Солтангазина Анель І дәрежелі дипломмен, марапатталды.
«Қазақстан Таланттары» халықаралық бйқауында дарынды балаларды жігрлендіруге белсенділік танытып, жас ұрпақты өнерге, шәкірттерінің бойына еңбекқорлық қасиетті дарыту жолында ерінбей еңбек еткені үшін музыка пәні мұғалімі Беделбек Нұрғалиев «Қазақстан Таланттары Өнер-Білім дамыту шығармашылық орталығының» директорының алғыс хатымен марапатталды.
«Қызықты биология-2021» қалалық олимпиаданың 1 орын иегерлері 9 сынып оқушысы Төлеубекова Аңсаған, 11 сынып оқушысы Қаблахатова Амина Облыстық балалар биологиялық орталығының грамотасымен марапатталды. Жетекшілері: Маржан Муратовна, Гульбаршын Каримовна.
               «Innovative College» мекемесінде облыстық деңгейде ұйымдастырылған «Қызықты химия әлемінде» атты жобалау жұмысына қатысқаны үшін Мүкпенова Дана, Мухамадиева Алтынай сертификат иеленді. «Innovative College» мекемесінде облыстық деңгейде  ұйымдастырылған «Қызықты химия әлемінде» атты жобалау жұмысын қорғауға жетекшілік еткені үшін Гүлдар Кәмелбекқызына, Маржан Мұратқызына алғыс хат берілді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив