Балалар мен үлкендер Қ. Қайсенов «Жау тылындағы бала» «Сұрапыл соғыс азабы» » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
отдела образования города Семей управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Бухгалтерия
+7(7222)568278
Версия для
слабовидящих
» » Балалар мен үлкендер Қ. Қайсенов «Жау тылындағы бала» «Сұрапыл соғыс азабы»
29
март
2019

Балалар мен үлкендер Қ. Қайсенов «Жау тылындағы бала» «Сұрапыл соғыс азабы»

Бөлімнің атауы:
«Балалар мен үлкендер» бөлімі
Мектеп: Т. Аманов атындығы №16 жалпы орта білім беретін мектеп
Күні: 21 февраль 2019 жылМұғалімнің аты-жөні:  М.Д.Ажғожина
Сынып: 7 сынып
Пәні: қазақ әдебиеті
Қатысқандар: 
Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы
Бөлімі: Балалар мен үлкендер
Қ. Қайсенов «Жау тылындағы бала» 
«Сұрапыл соғыс азабы»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)7.2.2.1.Шығарма үзінділерімен жұмыс. 
7.1.4.1 Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту.
Сабақ мақсаттары
Көркем шығарма үзінділерімен жұмыс жасайды.
Берілген үзіндіден кейіпкерлердің бейнесін ашады.
Көркем шығармадан үзінділерді жатқа айтады.
Бағалау критерийіБілім алушы
Кейіпкердің іс-әрекетін анықтайды
  • Кейіпкерлердің іс-әрекетіне байланысты үзінділермен жұмыс жасайды.
  • Көркем шығармадағы үзіндіден кейіпкерлердің бейнесін ашады.
Тілдік мақсатДиалог және жазылымға пайдалы тіркестер:
Мен мынадай дәлелдер келтіремін... Оның себебін...    деп түсіндіремін. Біздің пікірімізше.... 
Құндылықтарға баулу«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының «Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім»тармағындағы идеялар ішінара жүзеге асады. 
Пәнаралық байланысТарих
АКТ –ны қолдану дағдыларыТаныстырылым
Алдыңғы білімШығарманың сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды. 
План
Планланған 
уақыт
Планланған жаттығу түрлеріРесурстар 
Сабақтың 
басы
2 мин
 «Сәлемдеме жіберу» әдісі негізінде топқа бөлінеді. Сәлемдеменің  сыртына «хат», «самолет», «катюшаның» суреті болады. Осы суреттер бойынша топқа бөлінеді.
   

Қызығушылықты ояту
2 мин
«Сұрапыл соғыс азабы» бейнекөрініс көрсетіледі.
Сұрақ:
1.Бейнетаспадан соғыстың зардабын сезіне алдыңыздар ма?
https://go.mail.ru/search_video
Мағынаны ашу
5 мин
С.1-тапсырма
Берілген кейіпкерлерге байланысты көркем шығарма негізінде оқиғалар, іс-әрекеті     мен портреттік мінездемесін мәтін бойынша кейіпкерге жинақтаңыз. (Серік,  Борис)
Бағалау критерий
1.Кейіпкерлердің іс-әрекеті  мен портреттік мінездемесін мәтін бойынша кейіпкерге жинақтайды.
ҚБ. Барлық топ мүшелерінің жұмысына байланысты: «Белсенді қатыстыңдар», «Шығарма үзінділерімен жақсы жұмыс жасай білдіңдер
Кейіпкер, кейіпкерге қатысты іс-әрект пен портрет
4 минЖ.Ж.2-тапсырма
Көркем шығармадан үзінді беріледі. Берілген үзіндіден кейіпкерлердің іс-әрекетін анықтап, кейіпкерге сипаттама беріңіз.
«Екі бала үрейі ұшып, не істерін білмей тұр. Ашуға булығып, екі көзі қанталап кеткен жендет Анна Ивановнаны бар пәрменімен жақтан салып жіберді. Сол кезде «Мама!» деп, Серік бар даусымен айқайлап жіберді де, бетін алақанымен баса қойды. Борис те баж ете түсті. Залым комендант Серікке жетіп барып: «Мама, мама!» - деп қабырғаға сүйеніп тұрған Анна Ивановнаны нұсқады».
Жеке танысады, жұппен талдайды. Пікірін ортаға шығарады.   
Мәтін, таратпа қағаздар
4 минЖ.Т.3-тапсырма
Көркем шығармадан үзінді беріледі. Көркем шығармадан үзінді беріледі. Берілген үзіндіден кейіпкерлердің іс-әрекетін анықтап, кейіпкерге сипаттама беріңіз.
«Серік өз мамасынан айырылып, Анна Ивановнаға ергелі көп уақыт өткен-ді. Ол Борис не десе, сол деп, Анна Ивановнаны  «мама» деп кеткен еді. Енді, міне, Анна Ивановнаға жендеттің қанды қолы тиген сәтте, бір кезде өз мамасының жантүршігерлік өлімін көріп, шошынып қалған бала, енді Анна Ивановнаны да өлтіреді екен деп, «мамалап» жанұшырған себебі сол еді». 
Жеке танысады, топпен талдайды. Пікірін ортаға шығарады.   
Мәтін, таратпа қағаздар
7 минЖ.С.4-тапсырма
Көркем шығармадан үзінді беріледі. Көркем шығармадан үзінді беріледі. Берілген үзіндіден кейіпкерлердің іс-әрекетін анықтап, кейіпкерге сипаттама беріңіз.
«Серік өз мамасынан айырылып, Анна Ивановнаға ергелі көп уақыт өткен-ді. Ол Борис не десе, сол деп, Анна Ивановнаны  «мама» деп кеткен еді. Енді, міне, Анна Ивановнаға жендеттің қанды қолы тиген сәтте, бір кезде өз мамасының жантүршігерлік өлімін көріп, шошынып қалған бала, енді Анна Ивановнаны да өлтіреді екен деп, «мамалап» жанұшырған себебі сол еді». 
Жеке танысады, сыныпта талдайды. Пікірін ортаға шығарады.   
Бағалау критерий
1. Берілген үзіндіден кейіпкерлердің іс-әрекетін анықтап, кейіпкерге сипаттама береді 
ҚБ. «Бағдаршам» әдісі
Мәтін, таратпа қағаздар
8 минЖ.5-тапсырма
Көркем шығармадан (30 сөз) үзінді беріледі, үзіндіні берілген уақыт ішінде жатқа айтады.
Мәтін, таратпа қағаздар
Үйге тапсырма
2 мин
Қ. Қайсенов «Жау тылындағы бала» шығармасынан бала тағдыры туралы «Сұрапыл соғыс азабы» тақырыбында шағын әңгіме жазып келіңдер.
Ой толғаныс Рефлексия. 
6 мин
«ПОПС формуласы»
  1. Менің ойымша,     ........................................
  2. Мен оны былай түсінемін: ...........................
  3. Мен оған мынандай дәлел келтіре аламын: ...............................................
  4. Мен мынандай қорытынды шешімге келдім ...............................................
Жаңартылған білім бағдарламасы Үлестірме материал






РефлексияБүгін оқушылар не білді?
Оқушылар Қ.Қайсекнов шығармасынан үзінділерді кейіпкерлеге сәйкестендіре алды. Үзінділерге талдау жасай білді. Берілген уақытта үзіндіні жатқа айта алды.     Тапсырма барысында бірін-бірі толықтырды, осы жерде «Диалогтік оқыту» технологиясын пайдаланылды. Қ. Қайсенов «Жау тылындағы бала» тақырыбын     оқыта отырып  «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының «Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім» тармағындағы идеялар ішінара жүзеге асты. 
Мен үшін табысты болған екі нәрсе
1. «Сұрапыл соғыс азабы» туралы мағлұмат алды, өзара білім алып, бірін-бірі оқытты.
2. Сабақта уақыт тиімді пайдаланылды, оқушылар берілген тапсырманы уақытылы орындады. 

Қорытынды бағамдауТапсырмаларға байланысты жүргізілген жеке, жұптық, топтық жұмыстардың тиімділінін арттыру.  Сабақ қорытындылау барысында әр оқушының сабаққа қатысуын талдап, формативті бағалауды нәтижелі  жүзеге асыру.