Еңбек ардагері, ҚР білім беру ісінің үздігі ұстаз К.Ж.Марқабаева
Еңбек ардагері, ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, ұстаздардың ұстазы, Білімге 47 жыл қызмет еткен ұстаз Казиза Жұмағалиқызы Марқабаева. Мерейлі жасыңыз құтты болсын! Сіздің дара жолыңызда осы Аманов атындағы орта мектебінің алатын орны ерекше деп ойлаймыз. Сіз салып кеткен сара жол - ұстаз жолы – ұлы жол. Сол өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, кейінгі ұрпақ жас мамандарға үлгі ету мақсатында кездесу өтті.