ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖАРЫСТАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
2021 жылдың 9-12 февральы аралығында жас зерттеушілерден құралған Шығыс Қазақстан облысының командасы жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсына алғаш рет онлайн режимде қатысты.Шығыс Қазақстан облысы бойынша 44 оқушы (34 жоба) қатысты. Семей қаласынан 11 мектептен 23 оқушы (16 жоба) (№37 гимназия, Экономикалық лицей, Шәкәрім ат. гимназия, №19 ЖОББМ, Н. Г. Чернышевский ат. №1 ЖОББМ, №2 ЖОББМ, №22 МЛ, №17 ЖОББМ, №38 МЛ, Т. Аманова ат. №16 ЖОББМ, №30 ЖОББМ) қатысты.