Мұхтар Әуезовтың мұрасы – Парасаттылық бастауы » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
отдела образования города Семей управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Бухгалтерия
+7(7222)568278
Версия для
слабовидящих
» » Мұхтар Әуезовтың мұрасы – Парасаттылық бастауы
20
октябрь
2021

Мұхтар Әуезовтың мұрасы – Парасаттылық бастауы

Противодействие коррупции агенттігі ұйымдастырған кезекті «Адалдық сағаты» қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтың жастарға мұра болып қалған парасаттылық пен ізгілікке жетелейтін шығармашылығына арналды. Ғалым қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы іргелі еңбектер жазған. Мұхтар Әуезовтің туындыларының ішіндегі шоқтығы биік еңбегі – «Абай жолы» роман-эппопеясы. Бұл еңбек қазақ халқының тұрмысы мен қасиетін, ұлттық танымы мен болмысын тамаша суреттеген қазақ әдебиетінде бірегей орынға ие еңбек, әрі бүкіл қазақ халқының мақтанышы.  Ғалым Мұхтар Омарханұлы: “Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгi, өнеге бiлетiндiгiнен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады. … Адамшылықты таза жүргiзу үшiн – көп ой керек, ойлау үшiн оқу керек...» деп оқу, білімді дәріптей отырып, бала тәрбиесіндегі қоғамның алар орнын ерекше атап өткен. Онлайн-бейнедәріс барысында Мұхтар Омарханұлының шығармашылығы арқылы жастарға жақсы біліммен қатар әділдік, парасаттылық және сенім құндылықтарының маңыздылығы түсіндіріледі. «Адалдық сағатының» ұйымдастырушылары адал еңбек пен рухани адамдық қасиеттерді насихаттау арқылы жемқорлықсыз парасатты қоғам құруға болады деп сенім білдіреді. Бейне-сабақ Информация және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен республикалық және өңірлік телеарналар эфирінде көрсетіліп, сондай-ақ Агенттіктің Youtube-арнасында және әлеуметтік желілерде орналастырылды.  


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив