15
май
2021
"Аналарымызбен селфи" облыстық акция
Сыйынар ем, ана деген тәңірге! Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ана. Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтінде – Ана. Ана, бұл жел жағымызға пана, бәріміз үшін дара, дан тұлға. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қаұпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Әрбін ана отының өшпеуін, шаңырағының құламауын сәбидің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді. Аналарымызға айтарымыз: өміріңіз көзге көркемдік сыйлайтын сәулетті, ал әулетіңіз дәулетті болғай. Лайым, оравгустда жыры, нұры, ұлағатты ұйытқысы болып, жасыңызға жас қосыңыз, көңіліңізде көктем әні шырқалсын. Денсаулыңыз қуатты, ғұмырыңыз шуақты болғай. Ұрпақтарыңыздың қызығы мен қуанышын көруге жазсын.


