26
ноябрь
2020
Еңбек ардагері, ҚР білім беру ісінің үздігі ұстаз К.Ж.Марқабаева кездесу
Еңбек ардагері, ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, ұстаздардың ұстазы, Білімге 47 жыл қызмет еткен ұстаз Казиза Жұмағалиқызы Марқабаева. Мерейлі жасыңыз құтты болсын! Сіздің дара жолыңызда осы Аманов атындағы орта мектебінің алатын орны ерекше деп ойлаймыз. Сіз салып кеткен сара жол - ұстаз жолы – ұлы жол. Сол өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, кейінгі ұрпақ жас мамандарға үлгі ету мақсатында кездесу өтті. Біздің бүгінгі кешіміздің қонағы болған ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген ұстаздарға ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ұстаз-ардагер Казиза Жұмағалиқызы Марқабаева. Казиза Жұмағалиқызы , алтын уақытынызды бөліп кездесуге шыққанызға көп рақмет! Туған күнініз құтты болсын! Сізге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілейміз!

