27
ноябрь
2019
23 ҚАРАША – ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КҮНІНЕ ОРАЙ АТҚАРЫЛҒАН ІС-ШАРА
23-ноябрь – Жалпыадамзаттық Құндылықтар Күніне орай мектебімізде білім алушылар, педагогтар және ата-аналардың белсенді қатысуымен адамның рухани-адамгершілік әлеуетін арттыруға, құндылық бағдарларын, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ, «Жүрек қуанышы» атты оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі, Рухани-адамгершілік тәрбиеге арналған кітаптарды оқушыларға таныстыру,5 «А» сыныбында «Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы не білеміз?» тақырыбындағы оқушылармен өзін-өзі тану сабағы, 1-6-сыныптар арасында «Жүрек қуанышы» атты сурет байқауы, «Жалпыадамзаттық құндылықтар –тұлғаны рухани-адамгершілік тәрбиелеудің негізі» тақырыбында мектепішілік мұғалімдерге арналған семинар «Жалпыадамзаттық құндылықтар отбасылық тәрбиенің негізі» тақырыбындағы ата-аналармен өткізілген дәріс өткізілді.





