01
октябрь
2019
«МҰҒАЛІМ КҮНІН» МЕРЕКЕЛЕУГЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА
Жыл сайын, октябрь айының бірінші жексенбісінде еліміздің ұстаздар қауымы өзінің төл мерекесін атап өтеді. Білім беру мекемелерінде апта бойы «Ұстазға тағзым!» ұранымен әртүрлі іс-шаралар өткізіледі.
Қаланың педагогикалық жұртшылығын құттықтау үшін №49 орта мектепте қала әкімінің, білім беру қызметкерлерінің қалалық кәсіподағының, педагогикалық еңбек ардагерлері мен жас мамандардың қатысуымен мерекелік іс-шара өтті.
Дәстүр бойынша қаланың білім беру саласына елеулі үлестерін қосқан үздік педагогтерге қала әкімі Е. Сәлімов грамоталар табыстады. Қалалық мәслихат хатшысы Б. Ақжалов қалалық «Лучший жыл педагогі» конкурсының жеңімпаздарын грамоталармен, біздің мектептің Нурлыбаева Н.Ж.олимпиадаға қатысқан жүлдегері Кусайынов Т.М әлеуметтік әріптестікті дамытқаны және өңірдің қоғамдық өміріне қатысқаны үшін белсенді педагогтерді марапаттады. Мереке биылғы жылы қала мектептеріне келген 62 жас педагогті мамандыққа қабылдаумен аяқталды.
Қонақтар үшін мерекелік концерт дайындалып, оған қаланың белгілі мәдениет қайраткерлері және Балалар мен жастардың шығармашылық Сарайының тәрбиеленушілері қатысты.

