Мектеп бітірушілердің аттестат алу кеші » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
отдела образования города Семей управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Бухгалтерия
+7(7222)568278
Версия для
слабовидящих
» » Мектеп бітірушілердің аттестат алу кеші
12
июнь
2019

Мектеп бітірушілердің аттестат алу кеші

12 июнь күні 2018 - 2019 оқу жылында мектеп қабырғасын аяқтаған мектеп түлектерінің аттестат алу салтанатты кеші өткізілді.  Мектеп қабырғасында білім нәрімен сусындап, сапалы білім,саналы тәрбие алған түлектерімізге аттестат тапсырылған кеш. Кеш барысында Семей  қаласының білім бөлім басшысы Н.Фесенко  «Алтын белгі» иегерлері Советхан Саянға  Алғыс хатын, «Алтын белгі» төсбелгісі мен аттестат табыстады. Лучший аттестатқа ие болған түлектеріміз Д.Мукпенова, З.Жакупова, М.Каримханова, Ж.Ерсайынулы мектеп директоры Б.Курмангалиева аттестат тапсырып, болашақ қадамдарына сәттілік тіледі.Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектепте  биылғы оқу жылын 38 түлек аяқтаса, 1 түлек «Алтын белгі», 4 түлек «Лучший аттестатқа» қол жеткізіп отыр. Түлектердің болашақ қадамдары сәтті болсын!
Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді ұрпақ. Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жас ұрпақты білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады. Еркеліктен есейіп ел үмітін ақтаған, айдары алтынмен апталған бүгінгі түлектеріміз, бүгінгі кештің жарқын жұлдыздары десек қателеспейміз. Хороший біліммен, тағылымды тәрбиемен өскен ұл - қыздарымыз Отанымыздың қазынасы, елдің ертеңгі елеулі тірегі.