03
май
2019
"Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік " тәрбие сағаты
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүгін Қазақстан халқы 1 май ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.
"Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік " атты ашық тәрбие сағаты болып өтті. Мақсаты:Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта оқушылардың достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру.,Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу. Жауапты сыныптар: 2"Б"сынып жетекшісі:Қымбат Рамазанқызы ,4"Б"сынып жетекшісі:Жанар Мәлікқызы, 5"Г" Раушан Маратқызы. Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі.
Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, достар! 1 май құтты болсын!