18
апрель
2025
Суды үнемде - болашақты сақта! тәрбие сағаты
9 "Ә" сыныбында оқушылар арасында суды ұтымды пайдалану мәдениетін қалыптастыру тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара барысында су ресурстарының маңыздылығы, оны үнемдеудің жолдары мен әр адамның суға деген жауапкершілігі туралы мағлұмат берілді. Оқушылар белсенділік танытып, тақырыпқа қатысты өз ойларын ортаға салды. Мұндай тәрбие сағаттары жас ұрпақтың табиғатқа деген қамқор көзқарасын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.
Су – тіршілік көзі. Оны үнемдеп пайдалану – әрбіріміздің борышымыз!
