Университет пен мектеп арасындағы кәсіптік бағдар: түлектерге сенімді бағыт » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
отдела образования города Семей управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Бухгалтерия
+7(7222)568278
Версия для
слабовидящих
» » Университет пен мектеп арасындағы кәсіптік бағдар: түлектерге сенімді бағыт
14
апрель
2025

Университет пен мектеп арасындағы кәсіптік бағдар: түлектерге сенімді бағыт

Кәсіптік бағдар беру – жас ұрпақтың болашағына жол ашатын маңызды бағыттардың бірі. Бұл жұмыс жастардың саналы түрде мамандық таңдауда қателеспей, өз әлеуетіне сай бағыт-бағдар табуына мүмкіндік береді. Осы орайда, Шәкәрім университетінің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – мектеп оқушыларына сапалы кәсіби бағдар беріп, жоғары білімге қадам басар сәтте нақты шешім қабылдауына ықпал ету.

Сәуір айында Физика-математика ғылымдары жоғары мектебінің бастамасымен және аталмыш мектептің 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен Семей қаласындағы №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 10-11 сынып оқушыларымен кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында мазмұнды кездесу өткізілді. Кездесуге 60-қа жуық талапкер қатысып, Шәкәрім университеті және ондағы білім беру бағдарламалары жөнінде кең көлемде ақпарат алды. Жоғары мектеп оқытушылары – Құдайбергенова Б.С., Такирова Т.А. және Жанғалиева А. кездесуге арнайы қатысып, университет мүмкіндіктері туралы таныстырылым жүргізді. Кездесуді ашқан Физика-математика ғылымдары жоғары мектебінің кәсіби бағдар бойынша жауапты оқытушысы Жумаханова Дария Ануаровна өз сөзінде мұндай кездесулердің өзектілігіне тоқталып, университет қабырғасында тек сапалы білім ғана емес, сонымен қатар ғылым, шығармашылық және спорт салаларында өзін дамытуға мол мүмкіндік барын атап өтті. Сонымен қатар, оқушыларға университетте оқытылатын білім беру бағдарламалары туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Университеттің Информатика-робототехника білім беру бағдарламасының 3 курс студенті, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы Сембинов Алмат студенттік өмірдің қыр-сырымен бөлісіп, оқу орнындағы түрлі іс-шаралар туралы әңгімеледі. Ол студент жастарға жасалып отырған жан-жақты қолдау жайында да сөз қозғады.

Ал Физика білім беру бағдарламасының 2 курс студенті, Қабылдау комиссиясының кеңесшісі Есенбек Ахмет оқушыларды университетке түсу талаптарымен таныстырып, мамандықтарға қажетті бейіндік пәндер, қызмет салалары және болашақ жұмыс орындары туралы нақты ақпарат ұсынды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына тұшымды жауаптар алды.

Кездесу еркін әрі қызықты форматта өтті. Оқушылар өз пікірлерінде кәсіби бағдар беру жұмысының маңыздылығын ерекше атап өтіп, болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт алғандарын жеткізді.

Мұндай кездесулер – жас ұрпақтың сенімді қадам жасауына жол ашатын, болашаққа нық сеніммен қарауға көмектесетін маңызды қадамдардың бірі.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив