02
апрель
2025
Өрт жағдайындағы эвакуациялық жаттығуы
2025 жылдың 2 апрель күні Семей қаласындағы №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде өрт қауіпсіздігіне байланысты эвакуациялық жаттығу өткізілді. Іс-шара сағат 12:00-де басталып, 12:30-да аяқталды. Жаттығудың мақсаты – өрт болған жағдайда оқушылар мен қызметкерлердің дұрыс әрі жылдам әрекет ету дағдыларын жетілдіру. Барлығы 301 адам қамтылып, оның ішінде 8 қызметкер, 35 оқытушы және 258 оқушы қатысты. 46 адам белгілі себептермен қатыса алмады. Эвакуация толық 6 минут 27 секунд ішінде сәтті аяқталды. Жаттығу барысында кейбір кемшіліктер анықталып, талданып, тиісті ескертулер берілді. Қауіпсіздік ережелері мен әрекет алгоритмі баршаға түсіндірілді. Оқушылардың ұйымшылдығы мен мұғалімдердің бағыт-бағдар беруі жоғары деңгейде болды. Жалпы жаттығуға берілген баға — жақсы.
