01
март
2025
Даналық мектебі: "Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер"
Мектебімізде ата-аналарға арналған "Даналық мектебі" аясында "Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер" тақырыбында семинар өтті. Іс-шараның басты мақсаты – ата-аналарға жасөспірімдік кезеңдегі дағдарыстарды жеңуге көмектесу және үйлесімді қарым-қатынас орнату жолдарын үйрету. Кездесуге 6, 8, 9-сынып оқушыларының ата-аналары қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Семинар барысында бала тәрбиесіндегі мейірімділік пен түсіністіктің маңыздылығы, эмоциялық қолдау көрсету әдістері талқыланды. Преподаватели ата-аналарға жасөспірім психологиясын түсіндірумен қатар, қиындықтарды қалай жеңуге болатыны туралы практикалық кеңестер берді. Сонымен қатар, қатысушылар арасында тренингтер ұйымдастырылып, түрлі өмірлік жағдайларды шешу жолдары қарастырылды. Ата-аналар бала тәрбиесінде ақыл айту мен мейірімділік арасындағы теңгерімді сақтау қажеттігін түсінді. Іс-шараға қатысушылар өз сұрақтарын қойып, тәжірибелі мамандардан кеңестер алды. Семинар соңында ата-аналар осындай кездесулердің пайдалы екенін атап өтіп, алдағы уақытта жалғасын табуын тіледі. Бұл шара жасөспірімдер мен ата-аналар арасындағы өзара түсіністікті арттыруға ықпал етті.
